Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Разное  /  Прочее  /  Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қажеттілігін арттыру

Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қажеттілігін арттыру

Білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі. Сондықтан білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында нақты қадам жасалу керек. Соның ең бастысы сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ақыл-ой белсенділігін және сыныптан тыс жұмыстарын жетілдіру. Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі арта түседі.

21.02.2019

Содержимое разработки

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Тілеужан Ә. Т.

Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің

ағылшын тілі пәні оқытушысы

Қазіргі заманғы инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі білім ордаларындағы білім алушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырады.

«Мен бүгінгі ұрпақтың 3 тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл-мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушшілік пен жаңа технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністікпен сүйіспеншілікке жетелейді»

Н. Ә. Назарбаев

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктерінің біріне айналады. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ақыл-ой белсенділігін және сыныптан тыс жұмыстарын жетілдіру.

Қазіргі білімі мен ғылымы қарыштаған заманда ең басты мәселе оқушының танымдық белсенділігін, сыныптан тыс шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі заманда орындаушы тұлғадан гөрі «шығармашылық» тұлғаға дейін сұраныс көп.

Білім ордаларының басты мақсаты:

- оқушыны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары біліммен қамтамасыз ету;

- жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастырып өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі

дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиелеу;

-шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекеге қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, функционалдық сауатты болашақ маман дайындау.

Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі арта түседі.

Жұмыстың мақсаты:

  • Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс жасай білетін жылдам өзгеріп отыратын

ортада өмір сүруге бейімділігін, өздігінше дамуға өз ойын толық жеткізе білетін, жеке тұлға дамытып қалыптастыру.

  • Оқушылардың сапалы білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыру.

Жұмыстың міндеті:

  • Шығармашылықпен жұмыс жасай алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

  • Өмірлік бағдарын белгілейтін, әлемдік біртұтас көзқарасты, тұрақты, әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру.

  • Қазақстан халықтарының рәміздеріне, тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметке, адамның жеке құқығының бостандығын сыйлауға тәрбиелеу.

Жұмыстың теориялық негізі:

  • Аудару емес-түсініп оқу, түсіну, сөйлем құрау

  • Сөйлеммен эссе жазу.

  • Түсінік айту.

  • Әлем әдебиетімен байланыс жасау.

Жұмыстың практикалық негізі:

Оқушы бойына «жайдан күрделіге» қарай отырып, көру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, өрбіту арқылы оқушы оқи алады, қысқа тексті түсінеді, сөйлей алады, эссе жаза алады, компьютермен жұмыс жүргізеді және суреттей алатын қабілетке жетеді.

Сыныптан тыс жұмыс өрбуі қайдан шықты? Қажеттіліктен.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги сөзімен бастасам, «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету керек.

Тіл


Дамыту Меңгеру


Қызығушылық Ынта

Бейімділігі Талап Зейін


Яғни тілді меңгеру үшін үлкен ынта, зейін, талап, оқушының тілге бейімділігі, қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді. «Мұғалім мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай қазіргі мұғалім жаңашыл, ізденімпаз, еңбекқор, өте сауатты, компьютер мен электрондық оқулықпен жұмыс жасай алатын, дизайнер, оқушы жүрегінен өте жоғары орын алатын маман болу керек.

Ұлыбритания елінің баспасынан шыққан «Way Ahead» оқулығының негізгі мақсаты мынадай:

Жеңілден Күрделіге қарай

Кіші жастағы оқушыларға ағылшын тілін

меңгерте оқыту



оқыту


Жұппен жұмыс (диалог)




Тілдік дайындығын дамыту

Ойыннан оқу іс әрекетіне көшу

оқыту

Пәнаралық

байланыс







Өлең

санамақ



Жұмбақ жаңылтпаш




Топпен жұмыс

Салыстыру

Бақылау





Дамыту Топпен

Жеке

Ойнау

Елестету

Рольдік

Қажеттіліктер: 1. Ертеңгіліктер, рольдік ойындар, тілдер мерекесі, пәндік апталықтар ұйымдастыру

2. Интеренет арқылы жоба жазу.

3. Халықаралық мұғалімдерге арналған ACCELS, IREX шығармашылық жұмыстарға қатысу.

Нәтижеге бағытталған жоспарлы білім беру –әрбір ұстаздың міндеті. Өйткені нәтижелі жұмыс –нәрлі еңбек.

Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру кезінде оқушы бойында қажеттілік туады.

Сыныптан тыс жұмыс Сұрақ:

Қашан?

Бола ма?

Мен бармын ба?

Мен қатысамын ба?


Жалпы жоғарыда айтылғандардан, әрбір өткен сабақтар мен шығармашылық жұмыстардан кейін мынадай қорытынды жасауға блады:

Оқушы үшін:

  • мақсаткершіліке үйретеді;

  • әр нәрсеге көзқарасын қалыптастырады;

  • бұрынғы білетіндерін салыстырады;

  • әр нәрсені әр түрлі қырынан көреді.

  • бірігіп жұмыс жасайды;

  • интервью арқылы адамдармен тіл табысады;

  • «Ғылым» деген сөзге алғашқы қадам жасайды.

Оқытушы үшін:

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

  • оқушысын басқа қырынан таниды;

  • өзі білмейтін ақпараттарға кезігеді;

  • окушының жұмысын бағалайды;

  • өзін «Ғылыми жетекші» ретінде сезінеді; еріксіз өзінен-өзі шығармашылық жұмыспен айналысады;

Ағылшын тілі пәні оқытушысы ретінде неге қол жеткіздім?

  • оқушының пәнге қызығушылығы артты;

  • ағылшын тілінің өмірге керек екенін, оны әлдеде қажет ететіндеріне көздері жетті;

  • жазуға, сөйлеуге, ізденуге, қызығуға үйренді;

  • бір-бірінің пікірін сыйлауға, бағалауға дағдыланды.

Алдағы уақыттарды оқушылар алған білімінің нәтижесін өз кәсібінде көреді деп үміттенемін, ал менің әр топтарда жасаған жұмыстарым облыстық, республикалық ғылыми конференцияларда көрініс табады деген сенімдемін.



-75%
Курсы повышения квалификации

Повышение эффективности овладения учащимися грамматическими средствами в современном иноязычном образовании в условиях ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қажеттілігін арттыру (65.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт