Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  4 класс  /  Сыныптан тыс іс - шара "Төрт жыл мезгілі"

Сыныптан тыс іс - шара "Төрт жыл мезгілі"

Внеклассное мероприятие по казахскому языку для 4 классов

08.01.2019

Содержимое разработки

3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Төрт жыл мезгілі.


Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Жыл мезгілдері, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы жалпы түсінік беріп, оларды бір – бірінен ажырата білу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын молайту, байыту, өз ойын жеткізуге қазақ тілінде сөйлеу білу, ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу; 


Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық, сергіту сәті, суреттер бойынша жұмыс, топтық жұмыс, кластер сызу,мәтін бойынша жұмыс, «Сәйкесті тап» әдісі, «Дұрыс - бұрыс» әдісі, көрініс көрсету, «Сиқырлы қоржын» ойыны., жұптық жұмыс.


Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнерімен, географиямен


Сабақтың өтілу барысы:


I Ұйымдастыру бөлімі: 1) оқушылармен сәлемдесу 2) оқушыларды түгендеу 3) сыныптың тазалығы мен оқушылардың сабаққа даярлығына назар аудару


II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV Бекіту бөлімі

V Оқушылардың білімін бағалау

VI Үйге тапсырма беру

VII Қорытынды


I Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар.


Тіл дамыту сұрақтары:


  • Бүгін кім кезекші?

  • Сабақта кім жоқ?

  • Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

  • Аптаның қай күні?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Бүгін қар жауып тұр ма?


II Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге қандай тапсырма болды?


  • «Туған күні» деген лексикалық тақырыпты қайталау



Жұптық жұмыс



  • Оқушылар тақтаға екі – екіден шығып, «Сенің туған күнің қай мезгілде, қай айда?» деген сұрақтарына ауызша жауап береді


III Жаңа сабақ


  • Енді жаңа сабаққа кірісейік.





Психологиялық дайындық



Алға бір адым, артқа бір адым

Отырамыз, тұрамыз .

Сабақта «бес» аламыз.



  • Тақырыбымызды анықтау мақсатында Кластер сызайық


Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?  Қазір қай жыл мезгілі? Суреттерді көрсету


Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылиды.

Бұл қай кезде болады? Қыстан кейін қай жыл мезгілі? Суреттерді көрсету



Көбелектер бір гүлде
Қызыл-жасыл күллі өңір,
Көлде құстың базары,
Бұл қай кезде болады? Суреттерді көрсету


Өрік, шие, алма, алша
Жидек жүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? Суреттерді көрсету



  • Оқушылар әр сұрақтарға жауап беріп, кластер сызады

  • Қыс, көктем, жаз, күз

  • Яғни, бүгінгі тақырыбымыз қандай?

  • Төрт жыл мезгілі

    Төрт жыл мезгілі

көктем

қыс



күз жаз


  • Дәптерлеріңді ашыңдар, жазыңдар.


  • Бүгін нешінші ақпан?

Бүгінгі тақырып – Төрт жыл мезгілі.


  • қандай 4 жыл мезгілі бар?

  • дискте берілген тапсырманы тыңдайды, қайталайды 101 бет 1 тапсырма


Мәтін бойынша жұмыс


Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыста күн суық болады. Қар жауады. Көктемде қар ериді. Күн жылына бастайды. Жазда күн ыстық болады. Күзде жапырақтар сарғаяды. Жаңбыр жауады. Күн салқындайды.


  • оқушылар берілген мәтінді кезекпен оқиды, аударады, талдайды


Мәтін бойынша топтық жұмысы


  • Оқушылар сөз тіркестерді, сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударады


І топ Саша, Таня, Влад


  • холодная зима – суық қыс қашан? қыста

  • теплая весна – жылы көктем қашан? көктемде

  • жаркое лето – ыстық жаз қашан? жазда

  • холодная осень – салқын күз қашан? күзде


ІІ топ Адель, Стас, Руслан, Жанель


  • идет снег – қар жауады қашан? қыста

  • тает снег – қар ериді қашан? көктемде

  • день жаркий – күн ыстық қашан? жазда

  • листья желтеют – жапырақтар сарғаяды қашан? күзде


ІІІ топ Дана, Андрей, Виталя


  • Люди одевают теплую одежду – адамдар жылы киім киінеді қашан? қыста

  • День начинает теплеть – күн жылына бастайды қашан? көктемде

  • Осенью идет дождь – күзде жаңбыр жауады қашан? күзде


Тапсырманы «Сәйкесті тап» әдісі бойынша тексереміз


  • Оқушылар тапсырмаларды тексеру үшін тақтаға шығып, сәйкес орыс және қазақ нұсқаларды тақтаға жапсырады.

Сергіту сәті


Бір, екі, үш,
Орнымыздан тұрамыз.
Төрт, бес, алты,
Аққу болып ұшамыз,
Жеті, сегіз, тоғыз,
Орнымызға қонамыз.

«Дұрыс - бұрыс» әдісі


  • Оқушылар тақтаға шығып, «Дұрыс па, бұрыс па?» сұрақтарға жауап береді

  • дұрыс нұсқасына сәйкес қағаздарды жапсырады


Желтоқсан, қаңтар, ақпан


  • Қыс айлары

Наурыз, сәуір, мамыр


  • Көктем айлары

Маусым, шілде, тамыз


  • Жаз айлары

  • Күз айлары

    Қыркүйек, қазан, қараша



  • дискте берілген тапсырманы тыңдайды, қайталайды 101 бет 2 тапсырма


IV Бекіту

Көрініс


Төрт жыл мезгілі


  • 102 бетте 4 тапсырма

  • Оқушылар ертегіні рөлге бөліп оқиды, көрініс көрсетеді

  • дискте берілген тапсырманы тыңдайды, қайталайды


«Сиқырлы қоржын» ойыны


  • Оқушылар қоржыннан әр түрлі заттарды алып, олар қандай жыл мезгілге байланысты ауызша айтып, тақтаға жапсырады.


ҚЫС

КӨКТЕМ

ЖАЗ

КҮЗ

Балалар аққала жасайды.

Гүлдер шығады.

Күн ыстық.

Жапырақтар сарғаяды.

Адамдар тон киінеді.



Жемістер піседі.

Адамдар жаңа жылды қарсы алады.



Көкөністер піседі.

Балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.




Аяз ою – өрнек салады.






Кластер сызу


Қыс

Жыл мезгілдері

Қыс айлары

Ауа райы




V Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


VI Үйге тапсырма

  • «Төрт жыл мезгілі» тақырыбы бойынша сурет салу, суреттер бойынша шағын эссе жазу



Рефлексия: Сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?



VII Қорытынды

Сабақ өз мақсатына жетті.



Күтілетін нәтижелігі: Оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту барысында жұмыс жасау







-75%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сыныптан тыс іс - шара "Төрт жыл мезгілі" (54.2 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт