Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Разное  /  7 класс  /  Сынып сағаты" Еңбек етсең жетерсің мұратқа"

Сынып сағаты" Еңбек етсең жетерсің мұратқа"

Жұмыс оқушылардың ойлай отырып көзқарас білдіруіне бағытталған. Тақырыпты өмірмен байланыстыратын сынып сағаты.

22.01.2018

Содержимое разработки



Абишева Айнагуль Ахметжановна

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Преснов жалпы орта білім беру мектебі

Сынып сағаты 7 сынып

/20 минут/

Сабақтың тақырыбы: Еңбек етсең емерсің
Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ортада дөңгеленіп еңбек туралы мақалдар айтамыз.

Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Мұғалім сөзі:  

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

Еңбек 2 түрі бар: /ой айту/

1.Ой еңбегі

2.Дене еңбегі

1.Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.

   2.Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.

   3.Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

   4.Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.

   5.  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.

   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.









Мәтінмен жұмыс.

Еңбекпен  тапқан  тиын

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен .Сөйтсе де әкесі оны бағып -қағып,киіндіріп жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

-Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін.Ұлыма ештеңе қалдырмаймын.Ол –жалқау.

Ұлын аяп,анасы он сомдық алтын береді:

-Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына.-Қараңғы түскен соң үйге кел.Содан соң «

Мынаны еңбегіме алған едім »,-деп,әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды .Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де ,түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан да ақшаны жұмыс істеп тап ,-деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып ,бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

-Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым.Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан екенсің,балам.Көзім жетті,-депті.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра отырып, ой бөлісу.

Мысалы:-Анасының баласына үйреткен айласы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

«Егер де мен...» әдісі.

-Егер де мен анасының орнында болсам...

- Егер де мен әкесінің орнында болсам...

-Егер де мен баланың орнында болсам...

Кері байланыс «Суреттер топтамасы» әдісі арқылы бүгінгі сынып сағатына баға беру

Қорыту. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

·        Еңбек етуде адамның қандай ерекшілігі байқалады?

·        Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

·        Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

·        Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

 




-70%
Курсы повышения квалификации

Управление воспитательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сынып сағаты" Еңбек етсең жетерсің мұратқа" (328.27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт