Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Планирование  /  5 класс  /  «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту және жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру»

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту және жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру»

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір-біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы бір оқушым «анаңнан үнемі жылы сөз естігеніңді қалаймын» десе Бекзат деген оқушымның «күнің де түнің де сәтті болсын» деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын.

Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға

Он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен «Менің Отаным» сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Топтастыру стратегиясы

27.04.2019

Содержимое разработки

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту және жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру»

































Мазмұны



Кіріспе …………………………………………………...……..………… 1

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. …………………..……...... 1-1

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс - тәсілдері..……. 2-5


Қорытынды……………………………………………………………………6

Қолданылған әдебиеттер ......……………………………………………….7

Қосымша………………………………………………………...…..............8-9

































КІРІСПЕ


Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәде ниеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.


Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі болуы қажет.

Педагогикалық технлогиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Олар аз емес; мәселелік технологиялары, дебат, ойын әдістері, оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технолгиялары, модульдік технология және сыни тұрғыдан ойлауға дамыту технологиясы. Мен осылардың ішінде « Сын тұрғысынан ойлау » технологиясына тоқтала кетпекпін.

Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі:
шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

демократиялық білім беру;
білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру;
білім сапасын көтеру;
өзін бағалай білу және өзгелердің ой – пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны баулу;
әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды;
жауапкершілігі, қызығушылығы артады пікір айтуға жаңаш ойлауға жағдай туғызады

барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу.


Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 


  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

  •  
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. 

  • «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім – білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі. 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,
ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.


Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.Қызығушылықты ояту;

2.Мағына тану;

3.Ой-толғаныс.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушыны жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – білім алушының белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Білім алушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, білім алушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Ой-толғаныс  бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Білім алушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Үнемі үзбей жазудың арқасында білім алушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасаймын. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықталды және оның мынандай жобасын жасауға болады:

- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;

- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;
- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;
- махаббат, сезімге байланысты қарапайым адамдардың өмірінен мысалдар жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы жазу;
- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;
- «жүрек жарды жырларым» (өз өлеңін жазу);
-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.

Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды. 

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі білім алушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.


Негізгі бөлім

2.1 Жаңа материалдың таныстырылымы



Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлауларын, дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және заманның түрлі кезеңдеріндегі балаларға айтуға болатындай да мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс - әрекетіне әсер етеді дегендей менің сабақтар топтамамдағы сыни тұрғысынан ойлаудың Выготскийдің сындарлық тұрғыдан оқытуды түсіну оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде алынғандығын көрсетуге болады. Выготскиидің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым - қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған.

2. 2 Жаңа материалдың таныстырылымы


Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

-релеванттық ақпарат жинауды;

-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Сыни тұрғыдан «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.

XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. (Нұсқаулық)

Мектеп қабырғасында өтіліп жатқан кез келген пән бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды.Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушылар белсенді болады, олар кез келген жағдайда дербес пікір білдіре алады,өзіндік тұжырымдама жасайды.Оқушылардың мағлұмат тұрғысында дербес пікір білдіруі өзін өзі тану пәнінде маңызды, себебі бұл пәннің негізгі мақсаты оқушылардың бойында адами қасиеттердің құндылығы туралы ұғымды қалыптастыру.Яғни өзін-өзі тану сабақтарында шәкірттеріміздің өз пікірлерін білдіруіне айрықша мүмкіншілік жасау қажет.Осы мақсатта мен өз тәжірибемде оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында сындарлы оқыту технологиясының келесі әдістерін қолданамын.

«Шеңбер» әдісі- оқушыларды шеңбер түрінде отырғызып, ортаға талқылауға сұрақ тасталады.Сұрақ тұрғысында әрбір оқушының пікірін білу мақсатында шар немесе басқа да заттар қолданылады.Әр оқушы сұрақ тұрғысында пікірін білдірген соң, шарды басқа қатысушыға береді.Нәтижесінде әр оқушының дербес пікірі пайда болады.

«Жұлдыздар шоғыры» әдісі бойынша постер жасау-бұл әдіс топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.Топтарға жұлдыз жапсырмалар мен постер таратылады.Әрбір топ жұлдыздарға берілген тақырып бойынша пікірін жазып, шоғыр құрайды.Мысалы, 8-сыныпта «Адамгершілік-басты адами құндылық» тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарда осы әдісті қолдануға болады.Сонымен қатар топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен өзара пікір алмасады, нәтижесінде әр оқушының тақырып тұрғысында дербес пікірі пайда болып, олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

Тақырыптық постер жасау-бұл әдіс те топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Оқушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сурет түрінде бейнелейді.Тапсырманы орындау барысында оқушылар өзара пікір алмасады, нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауға талпынады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану да маңызды.Өзім сабақ беретін сыныптарда мен әр тақырып бойынша бейнебаянды көрсете отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлануларына септігін тигіземін. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда берілетін сұрақтар маңызды.

Мен оқушыларыма неге? ата? түсіндір? ойлан? бөліс? ұсын? сұрақтарын қою арқылы олардың дербес пікірін қалыптастыруға талпынамын.

Мысалы, «Неге адамгершілік басты адами құндылық болып есептеледі?

Кейіпкердің адамгершілік қасиеттері байқалған деректерді ата? және т.б.» Сонымен қатар бейнебаян көрсетілімінен соң,қайта бағыттау сұрақтарын қоюда маңызды.Бұл тұрғыда әр оқушыны сұрақ тұрғысында өзіндік пікірін білдіруге талпынады.

Мысалы, «Қалай ойлайсыңдар,өмірде адамгершілік қасиетттер байқалатын қандай деректерді кездестіруге болады? Адамгершілік негізін қалай түсінесіңдер? және т.б.»

Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың сабақ барысында релаксация кезеңін өткізуде маңызы зор.Мен өзін өзі тану сабақтарында шәкірттерімнің тақырыпты сезініп, тиянақтауын қамтамасыз етуде әр сабақ соңында баяу әуен қойып, тақырып тұрғысында ойлануларын қамтамасыз етемін. Әуен толқыны барысында оқушылардың тақырып жайлы ойлануы олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

«Ұстаздың ұстаздығы білімділігі мен біліктілігінде», - дегендей, білімнің асқар шыңына талпынған жастарға терең сапалы білімді беру үдерісі әрбір ұстаздан елеулі еңбекті талап етеді. Бұл өз кезегінде мұғалімнен сапалы әр нәтижелі оқытуды талап етеді. Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуға тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайға бейімделе алуына тығыз байланысты. Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейлерде тәуелді жағдайлар жасалынғанда ғана жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы мен оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан да сапалы оқытуды жүзеге асыруды, оқушыларының сыни тұрғыдан ойлануын мақсат еткен мұғалім өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары қажет.

Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруде ұстаздар қауымы білім беру үрдісінің нәтижелі болуы үшін жауапкершілікпен қарауы шарт. Қазіргі таңда сапалы білім беру-мұғалім бейнесімен танылатын сан түрлі элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Сапалы білім беру оқушылардың ,қоршаған орта мен оқыту және білім беру мекемелерінің бірлігі ретінде де қарастырылады. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты-ол, біздің тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Білім беру саласында қызмет атқарып жатқан әрбір ұстаз өз шәкіртінің білім көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесін қосуға міндетті.

3. 1 Жаңа материалды қолдау

Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас» дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым .

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір-біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы бір оқушым «анаңнан үнемі жылы сөз естігеніңді қалаймын» десе Бекзат деген оқушымның «күнің де түнің де сәтті болсын» деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын.

Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға

Он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен «Менің Отаным» сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген , барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып , жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым . Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Топтастыру стратегиясы бойынша «Туған жер» деген сөзді қалай түсінеміз, мағынасын кім айтады дегенде оқушылар өз түсініктерін айта бастады. Олар туған жер – атамекен , туған топырақ, айналаны қоршаған орта деп айта бастады. Сол уақытта дарынды оқушымның біреуі туған жер - елорда, Астана деген кезде, мен ендеше Астанаға саяхат жасаймыз, ол жөнінде ой – санамызды, білімімізді толықтырамыз дей келе жаңа сабақты бастап кеттік. Сол уақытта балаларым да жинақталып, Астана туралы мағлұмат алғысы келген кезде , мен елордамыздың көрікті жерлеріне тоқталып, тақтадан көрсетіп , әңгімелеп өттім. Осы жерде оқушылардың арасынан Астанаға барғандары да болып шықты. Ол – Данияр деген оқушым еді. Бәйтерекке барып өзінің арман тілегін айтқанын да әңгімелеп берді. Яғни балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып белсенділік таныта бастады. Астананың Қазақстан картасы арқылы орналасқан жерін, жалпы Қазақстанның бес елмен шектесетінін айтып өттім.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды. Оқушыларға жаңа сабақта «Жақсылық жолымен жүреміз» атты сабағымда топтық жұмыс берген болатынмын . Осы уақытта балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша іздене түсті. Яғни олар өз беттерінше ізденді, пікірлесті, ой болісті өз жұмыстарын көркемдеп, мазмұны жағынан да мағыналы болуын қалады. Сын тұрғысынан ойлаудың әр стратегиясын алсаң да тиімді жақтары көп және нәтижелі жақтарын көруге болады. Бұл модулді пайдалану барысында баланың ашылмай жүрген қасиеттерін көріп, танып, оны ары қарай баулып ұштауға мүмкіндік болады дегім келеді. Мысалы «Ыңтымақ түбі - береке»деген сабағымда тәуелсіз мемлекетіміздің басты белгілеріне тоқтала отырып, өзге ұлттармен салыстырмалы түрде айырмашылықтарымызға түсінік бере білді. Ал, екінші «Жақсылықтан жақсылыққа» атты сабағымызда мақал – мәтелдердің мағынасын аша білді және ойларын ірікпей еркін , түсінікті баяндай білгені қуантарлық жай дер едім. «Менің сыныбым – менің ұжымым» атты сабағымда жыршы мен жыраудың айырмашылығына жақсы түсінік беріп әңгімеледі және тұжырымдамасын түйінді қорытындылай білді деп білемін. Балалардың сабақ барысында кейбір қабілеттері көрінгенін байқай отырып, өз жұмыстарын еркін түрде баяндап , қорғап бергендерін көргенде жеткен жетістігімнің бір ұшы деп білдім . Олар әр сабаққа тиянақты дайындықпен келетін болды . Ата -аналарының көмегі арқылы да ғаламтор көздерін пайдаланып, сабаққа қатысты қосымша материалдар дайындап әкеліп отырды және оны сабақ барысында пайдалана білді . Дарынды оқушылар өлең, шығарма жазса, сонымен қатар төмен оқитын оқушылардың да сабақ қорытынды сында өз жұмыстарын көрсете білуі қуантарлық жай еді. Сабақ соңында ойлау, сөздік қорын молайту барысында бір сөзден бірнеше сөз шығартып немесе бес жолды өлең құрастырттым. Осылайша сабағымның жақсы жақтары балалар үшін де пайдалы да тиімді екендігіне көз жеткіздім.

*Мен оқушыларымды берген сұрақтарымның жа уабына орай дұрыс бағаладым деп ойлаймын. Мысалы олар менің сұрағыма толық, мағыналы жауап берсе өте жақсы ,мазмұнын біліп жеткізе алмаса жақ сы, мазмұнын жүйелі айтпаса орташа бағасын қоямын. Және бағалары неліктен осындай болғанына түсінік беріп отырамын. Осыдан барып олар өз білімдерін әлі де толықтыру қажет екенін ұғынып, ізденіп, ын талана түседі .

*Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін жетек ші сұрақтар және ой қозғау барысында сұрақтар қою ға болады деп білемін .

*Жекеленген оқушылардың оқу қажеттіліктерінде анықтау барысында бірнеше сұрақтар дайындауға тырысамын. Ондай сұрақтарды көбінесе орташа , төмен оқитын оқушыларға қоямын. Мысалы: «Мұхаммедәлі сен осы өлеңді оқыдың ба? Онда не ту ралы айтылған ? Мәтіндегі кейіпкерлерді атай аласың ба? десем оның жауабынан өткен сабақты оқығанын немесе түсінгенін байқаймын және тағы басқа сұрақтар қоюға болады деп түсінемін .

* Жекеленген оқушылардың қажеттіліктерін ескеру үшін тағы

- Неше рет оқыдың?

- Мазмұнын түсіндің бе? т.б. сұрақтар қоюға болады деп ойлаймын.

* Менің осындай сұрақтарым, жалпы сабақ барысындағы сұрақтар да қабілетті немесе орташа деңгейде оқитын оқушыларға әсер етеді деп ойлаймын.

Себебі олар әр сұраққа жауап бере білді. Мысалы олар өткен сабақты есіне түсіріп, жинақталып, ойларын қорытып, толық айтуға ұмтылды. Яғни сұрақтардың қойылуының балаларға ықпалы зор болды.

  • Жоғары деңгейде балалардың ойлауын қалыптастыру үшін, қосымша шығармашылыққа жетелейтін сұрақтар қоямын. Бұл сұрағыма көбіне қабілеті жоғары оқушылар алдымен жауап береді. Мысалы: Сен Болаттың орнында болсаң не істер едің? немесе түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойып отырамын. Оқушы осы уақытта өз ойларын еркін түрде айтып беруге тырысады. Сыни тұрғыдан ойлау балаларға дамытушылық жағынан көп көмегін береді. Онда жекеленген, жұптық, топтық жұмыстар да болады . Бұл модульді алған себебім сабақ барысында пайда болатын, бір тақырыпты ашу барысындағы түйінді ойлар (оқушылар айтатын ) қызықтырады. Менің оқушыларым сыныпта осындай бағытта көп жұмыстанады. Олар нені білу, түсіну, айту қажеттігін түсіне біледі және жұмыстанудың да бағытына едәуір төселіп қалғандарын да байқауға болады.

Негізінен тек тақырыпқа байланысты емес, жалпы тәрбие сағаттарында да осы бағытта жұмыстанамын . Олардың сөздік қоры жақсы дамып , сөйлеу мәдениеті де қалыптасады . Менің түсінгенім балаларды бұрынғыға қарағанда ізденушілік, қызығушылық пайда болды.

Сабақ кезінде оларға уақыт берсен, оларды жұмыстануға бағыттасаң өз мақсатыңа жетуге болады деп ойлаймын. Мысалы: маған осы модульдің ерекшеліктері ұнады . Ондағы әр стратегияның балалар үшін де берері мол. Балалар өздерінің ой пікірі, жұмыстары бағаланатының сезді және ынталана түсті. Жұптық, топтық жұмыстарда өз ісіне сенімі аз балалардың да сабақ барысына қатысуына көмегі көп болды. Кейбір оқушылардың айтқан жауаптары таңқалдырды. Мысалы: Мәдина деген оқушым сабағы жақсы болғанмен өзі тұйықтау еді. Бірақ, ол туды зерттеп, таныстырғанда өзінің еркін сөйлеу қабілеті бар екені анықталды бұрын бұл оқушым тақырып мазмұнын айтумен ғана шектелетін. Ал Нұрдана сұраққа жауап барысында «Туған жер» туралы түсінігін өте жақсы жеткізді және жауабына таң қалып, сөздік қоры жас ерекшелігіне сай екенін, сөйлеу мәнерінің де қаншалықты қалыптасқанын аңғардым.

Ал, сабақ барысында Мұхаммедәлі , Дильназ сияқты оқушыларымның жұмыстанып, қатысып отырғаны жақсы нәтиже берді. Әрине бұл сыни тұрғысынан ойлаудың кейбір қиыншылық тудыратын кездері де болады . Бұ лай дейтінім топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар тасада қалыс қалып жатады. Ондайда оларға тақырыпқа сай жұмыс беруге тырысамын. Балалар негізінен өздері сөйлеуге жаттығып, өзгенің пікірін тыңдап, санаса біледі, кейде келіспеушілік те туындайды. Ондай уақытта өз ойларын дәлелдеуге тырысады .

Оқушылар сыни тұрғыдан ойланғанда тақырыпты ашу үшін дәлелдемелерге тоқталады . Негізінен берілетін тапсырманы оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне сай беріп отырған дұрыс деп түсінемін және өзім оларды сол бағытқа бейімдеуге тырысамын . Негізінен таңдап алынған «жоғары , орташа төмен »деңгейдегі үш оқушымның күн делікті сабақ барысындағы әрекеттерін зерттеген кезде олардың тапсырмаларды қалай , қандай бағытта орындайтынына көп көңіл бөлдім . Олар жұмыс барысында өз деңгейлеріне сай немесе одан жоғарыда жұмыстана бастағанын байқадым .

Сабақта берілетін тапсырмалардың барысы, мақсаты оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұр ғыдан ойлауы болып табылады . Олар өз жұмыс тарын баяндап , талдап айтуға ұмтылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту диалог арқылы да жүзеге асады. Бұндай оқыту сыныптағы қарым – қатынасты жақсартады. Сыни тұрғыдан ойлау бақылау , талдау , қорытынды , интерпретация сияқты дағдыларды дамытады. Кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер балалардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік туғызып , жаңа үдеріске сүйенгенде білім беру бағдарламасында ғы қажеттіліктерді ескеруіміз керек . Жалпы сыни тұрғысынан ойлау әдісі өз – өздерін реттей алатын ой толғанысы ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін мұғалімдер тыңдау мен зерттеу арқылы оқуға көңіл бөліп , шешім қабылдап тиісті дағдыларды меңгерткені жөн. Ол үшін біз теорияның мазмұнын толық меңгеруіміз қажет деп ойлаймын. Оқушы жұмыстарының қорытындысы мен тұжырымдамасын қалыптастыру үшін жаңа әдістермен технологияларды дамытуы мыз керек деп түсінемін. Мысалы оқушылар айналаны қоршаған ортаны танып– білуі үшін немесе әдебиеттік оқу сабағын алсақ та қолданылатын дағдылар төмендегідей болады деп ойлаймын .

*олар әртүрлі дәлелдерді жинап топтастырады, суретін салады, фотосуретке түсіреді, дәлелдемелер жинақтайды .

*негізгі деректерді анықтайды және сұрақ қоя біледі.

*негізгі деректерді жағдаяттық қорытындылармен салыстыра алады және ойларын талқылап, жинақтайды.

*кейбір болжамды жұмыстары мен ұсыныстарын қайта қарауы мүмкін.

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп қортындылаған кезде мұғалімдермен кеңесіп, талқылап, олардың кеңестеріне ой жүгіртіп, қайта қарап, төмендегі рет бойынша көмек беремін және жұмыстарының жүзеге асуына осы дағдыларды қолданамын .

*көру арқылы немесе дәлелдемелер арқылы ақпараттар б еруге тырысамын .

*негізгі іс – әрекетті анықтайтын тақырыптан ауытқымауды ескертіп, ұсыныстар айтамын .

*олардың өзара байланысын анықтатамын .

*жұмыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыртамын.

*оларға түрлі ақпарат көздерімен мүмкіндік болса байланыс жасауға ұсыныс жасаймын. Негізінен балалардың өздігінен реттелетін білім алуының үш элементіне де тоқталып өткенді жөн санадым.

Олар төмендегіше болады

*тапсырмамен жұмыстану барысында өздігінен бағыттала біледі

*олар проблемалары мен алғы мақсаттарын өздіктерінен айқындай алады

* проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдің тиімді жолын өздіктерінен таңдайды

Шет ел ғалымы Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясындағы үш жастағы балаларға зерттеу жүргізгенде үлкен нәтижеге жеткен. Яғни содан түйгеніміз балалардың өз бетінше жұмыстану қабілеті бар екенін білгеніміз деп түсінемін. Диалогтық оқытудың да сыни тұр ғысынан ойлау модуліне байланысы өте ерекше. Себебі 2004ж. Александер диалогтық оқытуды зерттегенде сұрақ – жауаптың жасаған қорытындылардың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жет кізгенін байқаған, ал Мерсер болса сыныптағы талдаудың үш түрін анықтаған оны біз күнделікті сабақ барысында пайдаланып жүргені міз анық. Айта кететін болсам

* пікірталастық әңгіме

* кумулятивтік әңгіме(бір – бірінің айтарын сынамайды

*зерттеушілік әңгіме (ұсыныс , дәлел , сыни тұрғыдан ойлану

Тағыда мен Венн диаграммасын, Блум таксаномиясың «қалын және жіңішке сұрақтар» стратегиясы, БББ - «білемін, білдім, білгім келеді» стратегиясы , инсерт кестесі, тақырыпқа жұмбақ ж.т.б. Осы технология бойынша екі жылдай жұмыс істеп тиімді педагогикалық әдістерге үйрендім: бірденені өзімнің әріптестерімнен қөрдім, бірденені әдістемелік әдебиеттердең оқыдым. Әрине бүкіл әдіс-тәсілдер күнделікті жұмыста қолданбасақта бірнешеумен қаруланып біз сабағымыздың нәтижесің көтере аламыз.









Қорытынды

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес үнемі ізденіс пен толғаныста болады. Бұл жердегі менің де тоқталып айтар негізгі ойым «жаңа форматтағы мұғалім» болу үшін, жаңа үдерістегі жарқын да, бейнелі болашағы зор жаңа модульдерді күнделікті сабақ барысына үнемі енгізіп, жүйелі жұмыстану барысында әріптестермен ортақ шешімге келе отырып, биік белестерді бағындырсам деймін.

Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты.

«Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер.

Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады


НӘТИЖЕ



Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда білім алушылар арасында:

- белсенді шығармашылықты ойлауға;

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға, ынтымақты қарым-қатынас;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу пайда болды.



Мен жұмыс жасап отырған технология мен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені мына кесте арқылы салыстыруға болады:


Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р


Оқытушының іс-әрекеті:

Білім алушының іс-әрекеті:


1.Тақырыпты түсіндіреді


1.Мазмұнын айтып береді

2.Кейіпкерлер туралы айтып береді


2.Кейіпкерге мінездеме береді

3.Мәтіннің идеясын анықтайды

3.Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

4.Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді


4.Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

5.Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады


5.Шығарма жазады

6.Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады


6.Жауап береді






RWCT    с а б а қ т а р ы

Оқытушының іс-әрекеті:

Білім алушының іс-әрекеті:

1.Топқа бөліп, ой қозғайды

1.Ұжыммен жұмыс жасайды

2.Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

2.Мәтінмен өздері танысады

3.Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

3.Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

4.Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

4.Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

5.Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

5.Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

6.Өз ойларын жазуды ұсынады

6.Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

7.Ойларын қорытуға бағыттайды

7.Өз тұжырымдамасын жасайды


Қорыта келгенде осы «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақтарымда қолдану барысында алған нәтижем:

  • білім алушылардың оқуға қызығуы; 

  • іскерлік дағдысының дамуы;

  • ойлау белсенділігі, тапқырлығы;

  • өзіне деген сенімі қалыптасады бастады. 

  • оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; 

  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды; 

  • өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі; 

  • өз бетінше ізденуге үйретеді; 

  • сабаққа деген белсенділігі жоғары бола бастады. 

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.












Қосымша 1

Сабақтағы үш кезенінің мақсаттары





І. Қызығушылықтарын ояту.

ІІ. Мағынаны ажырату.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс – амалдары қарастырылады. Мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек» немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.

Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады.













Сабақтың басы

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Пысықтау

Бекіту

Рефлексия


Үй тапсырмасы

Кластер

Инсерт

Загадка

Кластер

Кластер

Загадка

Мозговой штурм

Чтение с остановками

Мозговой штурм

Загадка

Интеллектуальная разминка

Кластер

Интеллектуальная разминка

Круги по воде

Круги по воде

Оживи картинку

Синквейн

Инсерт

загадка

Дерево предсказаний

Ролевая игра

Круги по воде

Диаграмма Венна

Оживи картинку



Метод контрольных вопросов




Қосымша 2





 



















Қосымша 3

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ





























Пайдаланылған әдебиет:

1. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»(Алматы-2013);

2. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық;

3. «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» (Алматы,2014)

4. Назарбаев.Н.Ә.Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!Қазақстан халқына Жолдау-Егеменді Қазақстан,29 қаңтар 2011 жыл.



5


-75%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту және жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру» (104.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт