Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Сурет салу оқу іс-әрекетінен технологиялық карта "түрлі-түсті доптар"

Сурет салу оқу іс-әрекетінен технологиялық карта "түрлі-түсті доптар"

СУРЕТ САЛУДАН ТЕХКАРТА. ТҮСТЕРДІ АЖЫРАТУ. ТАКЫРЫБЫ ДОПТАР

14.07.2017

Содержимое разработки

Күні:________________

Білім саласы:шығармашылық

Бөлімі:сурет салу

Тақырыбы: Менің доптарым.

Мақсаты:гуашьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:дөңгелек затты-доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту; байқағыштығы мен қөз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін:әртүрлі доптар,қағаз,жұмыс дәптері,жай қарындаш,гуашь,қылқалам,су,қолорамал.

Бала үшін:әліппе-дәптері,бояу,қылқалам,су,қолорамал.

Әдіс-тәсіл:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,көрсету.

кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең




Ізденіс ұйымдастыру кезеңі



























Рефлексия

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

2.Кіріспе:жұмбақ жасыру

Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады.

3.Сұрақ-жауап:

-Доп не үшін қажет?

-Допты неден жасайды?

-Доппен ойнайтын ойындарды атаңдар?

-Әр ойынды ойнау үшін өз добы болуы тиіс.

4.Жаңа тақырып:

-Бүгін доптардың суретін салуды үйренеміз.

-Балалар ойнайтын доптар қандай түсті болады?

-Жұмыс ретімен таныстыру:

-Гуашьты аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырамыз. Содан соң бояуды керегінше аламыз.

-Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Бояймыз.

5.Балалардың өз бетінше жұмыстары.

6.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

7.Дидактикалық ойын:«Түрлі доптар».

Шарты:қолдарындағы доптарды сипаттау.

8.Қортындылау:

-Ненің суретін салдық?

-Қандай доптың түрлері болады?

-Балалар бір-бірлерінің жұмыстарын талдайды, бағалайды.


-Шеңбер құрып, өлең жолдарын қайталап айта-ды.




-Доп.









-Сұрақтарға жауап береді.

-Резинадан, бұлғар-дан.

-Футбол, волейбол, баскетбол,т.б.

-түстерді атайды.



-жұмыс реттілігін қарайды.











-қимыл жасайды.













-ойын ойнайды.



-қортынды сұрақтар-ға жауап береді.



Білу:доптың суретін сала алу.

Игеру: гуашьты палитрада езе алу .

Меңгеру:қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен сала алу







-75%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сурет салу оқу іс-әрекетінен технологиялық карта "түрлі-түсті доптар" (14.12 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт