Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Сценарий "Төрлет біздің жаңа жыл"

Сценарий "Төрлет біздің жаңа жыл"

Күні:06.03.2017

Білім беру саласы:Вариативтік компонент

Бөлімі:Құм терапиясы

Тақырыбы: «Сиқырлы қорапша»

Мақсаты:ой-қиялды,шығармашылық элементтері бар репродуктивтік қиялды дамыту

білімділік:сиқырлы қорапша жайлы кеңінен түсінік беру

дамытушылық:ойлау дербестігін дамыту

тәрбиелілік:Бір-бірін құрметтеуге үйрету

Көрнекіліктер:Құм тақтайшасы,гүлдің суреті

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Балалар бір біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады.

Іздену-ұйымдастырушы

-Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Сендер менімен бірге барасындар ма?

Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды алдыға созыңдар.

Алақанға қараймыз

Жылы сезім табамыз.

Ақылды болып өсеміз,

Биіктерге жетеміз.

Құмның бетіндегі матаны алады.

Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды, іздемпаз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады.

-Ашуланған бала

-Жылауық бала

-Таңқалған бала

- Күлген бала

Мінекей қараңдаршы құм баласында да күлген ақылды балаларды жақсы көреді.

Ақылды бала туралы кім маған тақпақ айтып береді.

Ал кір қожалақ кір бала туралы не білесіңдер?

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай.

Құмды ауызға салуға болмайды

Шашуға тағы да болмайды

Жеуге болмайды келісеміз бе?

1.Балалар құмды

алақандарыңмен ұстаңдар қатты ма жұмсақ па?

Құрғақ құм ба, су құм ба?

2. Балалар құмды да өзіміз сияқты күлдірейікші.

3. Балалар қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс жеп жаңбыр жаудырыңдар.

4. Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті. Кәне іздеп шығарайық.

-Қандай пішін?

-Түсі қандай?

-Пирамиданың қайсы

үлкен, қайсы қысқа. -Пирамиданың қайсы ұзын, қайсы қысқа?

Қандай пішіндерді жинадық?

Балалар мен мына бір хатты тауып алдым. Хатта

• Балалар сендер мына

ойынды бізге ойнап көрсетіңдерші, құм жаласының балалары депті

«Көңілді адамдар»

Мақсаты: Қандай түсті адам болса, сондай түсті пішіндерді жинау.

Балалар қараңдаршы мына кішкентай біздің достарымызда бір жылауық баладан қашып «Құм қаласына» қонаққа барғысы келеді екен. Олардың баруына біз көмектесе алады екенбіз осы достарымыз туралы тақпақ айтсақ оларды кіргізеді екен.

Дұрыс балалар енді апарып құмның ішіне достарымызды жылауық баладан тығып қойалық.

Балалар біз «Құм қаласында» ойнадық, қыдырдық енді бізде өзіміз әкелген сыйымызды тастап кетейік. Топта жасаған гүлдерімізді құм қаласына отырғызайық.

Балалар қолдарын созып өлеңді бірге қайталайды

-құрғақ құм

Балалар тәрбиешінің нұсқауымен тапсырманы орындайды

Түс бойынша адамдарды жинайды

Балалар гүлдерін құм қаласына сыйға тартады

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Балалар,бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Құм қаласы сендерге ұнады?

-Кәне қолымызды құмға созып екі алақан ортасында доп тұрғандай домалақтайық.

-Енді қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет саған құм» деп айтайық.

-Құм қалашығына

-ия

-ия

Білу керек:Құмның қасиеті жайлы түсінік беру

Меңгеру керек:Өткен сабақтағы өткен ұғымдарды пайдалануды, пішіндер туралы түсініктер және түстерін.

Қорытынды:

21.09.2017

Содержимое разработки

Ертеңгілік сценариі "Қош келдің - әз Наурыз!"

Жүргізуші: Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы

Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.

Наурыз құтты болсын ағалар

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін ашып, Наурыз жаңа жыл келіп жетті. Осындай керемет күні екі ауыл тұрғындарының бастарын қосып тойлағалы едік. Өздері кешіккелі жатыр.

(Музыка әуенімен балалар билеп кіріп отырады)

Жүргізуші: Армысыздар Абай ауылының тұрғындары! Амансыздарма Жамбыл ауылының тұрғындары! Басқан қадамдарыңыз оң болсын. Бүгінгі біздің «Елді елең еткізген Наурыз келді көктеммен» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер.

-Балалар, мынау сандықты тарсылдатып тұрған кім екен? Ой Алдар көсе сәлеметсізбе!

Алдар көсе: Сәлеметсіздерме! Наурыз құтты болсын!

Жүргізуші: Сандықтың ішіне қалай тап болдыңыз? Әлде байды алдаймын деп өзіңіз алданып қалдыңызба?

Алдар көсе: Жоқ, жоқ сендерді таң қалдырайын дегенім ғой.

Жүргізуші: Алдар көсе бүгін Наурыз мерекесін тойлап жтырмыз. Біздің мерекемізге екі ауыл тұрғындары келіп отыр, сізде төрлетіңіз мерекені тойлайық.

Жиналдық наурыз тойға бәрімізде

Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.

Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып,

Өнерлерін інжу маржан шашайық – деп отырып бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтардан бастайық.

Ән: «Әз наурыз»



Алдар көсе: Ей балалар, балалар,Енді маған қараңдар

Наурызды тойлайық, Қызық ойын ойнайық.

- Қане екі ауыл тұрғындарының жігіттерінің күштерін сынап көрейік.

Ойын: «Арқан тарту»

Алдар көсе: Рахмет! Екі ауылдың жігіттерінің күштері мықты екен. Енді мен барып басқа ауыл тұрғындарын құттықтауға барайын. Қош сау болыңыздар.

Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.

Жүргізуші: Наурыз тойында өнерлі адамдар өз өнерлерін көрсетеді. Міне біздің арамызда да өнерлі ақындарымыз бар екен. Жамбыл ауылынан келген Амира атты ақынымыз бен Абай ауылынан келіп отырған Адилжан ақындарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Айтыс:

Екі ақын: Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.



Амира:Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа.

Айсары ауылынан келген,

Амира ақын мен болам.



Адилжан:Меніменен айтысар

Балтылдығың бар екен.

Таныстырсам өзімді,

Аділжан ақын мен болам.



Екі ақын: Ұлы наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатпасақ айтысты,

Сөз қалған ба ақыннан.

Жүргізуші: Екі ауылдың ақыны бүгінгі айтыста жақсы айтысты. Рахмет сіздерге!

(Музыка залына әже кіреді)

Әже: Сәлеметсіздерме! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! (Шашу шашады)Жүргізуші: Сәлеметсізбе әже! Біздің мерекемізге қош келдіңіз, төрлетіңіз үстел басына жайғасып отырыңыз.

Әже: «Бесікке салу» рәсімін көрсетті



Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы ән сарасы,



Елдің көңілін көтерер ел данасы.



Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,



Назар қойып тыңдаңдар ән жолдауын.



Ән: «Наурызым мерекем»



Жүргізуші: Балалар наурыздың ең басты тағамы қандай тағам?



- Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады? Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын ортаға шығып Елдана айтып береді.



Елдана: 7 деген сан киелі сан. Қазақ киелікке ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жет түрлі дәмнен жасалады: оған қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдар қосады.

Жүргізуші: Рахмет сағанЕлдана, енді наурыз көженің қалай дайындалатынын білдік.





Ән: «Наурызым»



Жүргізуші: Міне балалар біз сендермен ойын ойнадық, би биледік ән де айттық мерекеміз аяқталып жатыр. Ендеше ақжаулықты әжемізден бата сұрайық.



Әже: Ұлыс оң болсын,



Ақ мол болсын.



Қайда барса жол болсын,



Ұлыс бақты болсын,



Төрт түлік ақты болсын.



Ұлыс береке әкелсін,



Бәле-жала жерге енсін!



Жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,



Тербетсін шаттық ән қазақ жерін.



Той бастаған қадамын құтты болсын,



Жалғайтын дәстүрімді байтақ елім.



Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,



Денеміз сау, мықты болсын.



Еліміздің несібесі көп болсын,



Дәстүрлі наурыз тойы құтты болсын!







Бекітемін: Келісемін:

«Ақбота» бөбектер «Ақбота» бөбектер

бақшасының меңгерушісі: бақшасының әдіскері:

Б.І.Байбусинова А.Б.Мусапова















«Наурыз –Көктем!»

Ортаңғы «Көбелектер» тобы















Тәрбиешілер:Ж.М.Шарипбекова

Қ.Қ.Утеубаева



2016-2017оқу жылы





















-75%
Курсы повышения квалификации

Организация получения образования в семейной форме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сценарий "Төрлет біздің жаңа жыл" (21.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт