Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Разное  /  3 класс  /  «Спорт - біздің серігіміз» атты эстафеталық сайыс

«Спорт - біздің серігіміз» атты эстафеталық сайыс

1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. 2. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
12.12.2019

Содержимое разработки



Сабақтың тақырыбы: «Спорт – біздің серігіміз» атты эстафеталық жарыс

Сабақтың мақсаты:   1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета

спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында

достық қарым-қатынасты нығайту.

2. Оқушылардың денсаулығын арттыру және

шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты

өмір салтына тәрбиелеу .


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу эмблемалар, дипломдар.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Спорт- денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер! Бүгінде осындай іс-шара біздің мектебіміздің 3 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Жүргізуші:

1.  Топтарды ортаға шақыру

Ал, қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

2 топтың ойыншылары келеді,

Қол соғып қарсы алайық! – деп, ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.

Жүргізуші: Ақ түсті киімде 3А, «Тұлпар» тобы,

көк түсті киімде 3Ә, «Сұңқар» тобы. 









Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады

  1. «Тұлпар» тобы.

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығулардан ешқашан да қашпаймыз.

  1. «Сұңқар» тобы.

Спортпен достасамыз,

Жалқаулықпен қоштасамыз.

Жүргізуші: Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті.

Дүбірле жарыс, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде,- дей отырып, бүгінгі жарысымыз 7 бөлімнен тұрады.

  1. «Кім озар?» - кольцомен допты алып жүру жарысы.

Шарты: Гимнастикалық кольцомен допты кедергілер арасымен жүргізу.

  1. «Кім епті?» - кенгуру жарысы.

Шарты: батут добымен секіріп, кедергілер арасымен өтіп, ілініп тұрған

дартсты дәлдеу.

  1. «Кім шапшаң?» жарысы – хоккей жарысы.

Шарты: шайбаны кедергілер арасымен алып жүру.



  1. «Кім ер жүрек?» - шарикті алып жүгіру жарысы.

Шарты: үлкен ас қасықпеп теннис добын түсіріп алмай, орындықты

айналып, артқа қайтады.





  1. «Кім мықты?» - доппен ойын жарысы.



Шарты: Әр топтың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі б/ша топ басшы өз жағының 1-ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1-ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.



  1. «Кім батыр?» - арқан тарту жарысы.

Шарты: Екі топқа бөлініп, әрбір топ арқанды өз жағына тартады. 3

рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған

топ жеңімпаз болып танылады.



  1. «Кім күшті?» - паравоз жарысы.

Шарты: топтың барлық мүшелері бір-бірінің артыны тізбектеліп

жылдам жүріп, орындықты айналып, артқа қайтады.



Жүргізуші: Ал, енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Қорытынды:  Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Спорт - денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарысы осымен аяқталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін

көп-көп рахмет!





-75%
Курсы повышения квалификации

Современные подходы к реализации наглядного метода обучения физической культуре

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Спорт - біздің серігіміз» атты эстафеталық сайыс (19.77 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт