Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Планирование  /  10 класс  /  Разработка урока по казахскому языку на тему: "Киіз үй бөлшектері"

Разработка урока по казахскому языку на тему: "Киіз үй бөлшектері"

Саба?ты? та?ырыбы: Киіз ?й б?лшектері.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Киіз ?й б?лшектері туралы жан-жа?ты м?лімет беру, ж?йелі т?рде ?з пікірін айта білу,с?здік ?орларын байыту; пікірлесу ж?не тал?ылау ар?ылы ?ойыл?ан м?селерді аны?тап, т?сінуге ?йрету;

Дамытушылы?: О?ушыларды? білгенін, т?сінгенін, ойын ар?ылы ?аза? тілінде жеткізе алу?а да?дыландыру; с?здік ?орларын саба? барысында ?ана емес, бас?а да жа?дайларда ?олдана алуларын дамыту.

Т?рбиелік: ?лт д?ст?рі тарихымен таныстыру ар?ылы Отанын с?ю, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

26.12.2016

Содержимое разработки

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу жөніндегі

орынбасары _________

«___»____________20___ ж


Сабақ жоспары Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй бөлшектері. Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Киіз үй бөлшектері туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу,сөздік қорларын байыту; пікірлесу және талқылау арқылы қойылған мәселерді анықтап, түсінуге үйрету;



Дамытушылық: Оқушылардың білгенін, түсінгенін, ойын арқылы қазақ тілінде жеткізе алуға дағдыландыру; сөздік қорларын сабақ барысында ғана емес, басқа да жағдайларда қолдана алуларын дамыту.



Тәрбиелік: Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Әдістемелік:Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.



Болашақ нәтижені болжау: жаңа сөздерді меңгеру, мәтінмен жұмыс жасау, ойларын жеткізу, жеңіске келу.
Білім Киіз үй бөлшектері туралы ақпарат алу. Икемділік Берілген мәтінмен жұмыс жасай білу, ойларын жеткізу. Дағды Білген білімдерін тек сабақта ғана емес, сонымен қатар өмірде де қолдану.
Сабақтың түрлері: Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс.
Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет: сөздіктер, қосымша ақпарат
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Мәтіндер,тапсырмалар, бейне ролик, презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика,жағрапия, ағылшын тілі




Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Оқытушыіс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
1 Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілдерін өзіме қарату, психологиялық жағдай туғызу
  • көңілдерің қалай? Бір-бірімізге қарап, күлімсірейік.

Сабаққа дайындалып, мұғалімді, қонақтарды қарсы алады.
2 Операция-танымдық кезеңі Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, ауа райы туралы әңгімелесу:
  • Сәлеметсіздер ме;
  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, көктемнің айларын еске түсіріңдер.
  • Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, оқушылар мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары көктемнің айларын еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.



А. Үйтапсыр масын тексеру

Үй тапсырмасын қайталап, жауап беріңіздер:

Сөздерді тексеру;

Әр оқушы үй жұмысын қайталап, жауап береді. тақта

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі








  • Сөздерді тексеру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына шығады, мақсаттарын айтады.



  • Киіз үй сөзін естігенде қандай ассоциация туады?

  • Киіз үйді қазіргі уақытта қайда қолданады?

Сабақтың тақырыбына шығады, оқушылар мұғалімді тыңдайды, өз ойларын жеткізеді,

мақсаттарын айтады



«Ассоциацияларын» айтады





презентация



В. Жаңа білімді меңгеру

Сабақта біз Киіз үй бөлшектері туралы мәлімет аламыз

Сөздікпен жұмыс:

  • Кереге – киіз үйдің негізгі қанқасы - деревянная решетка, образующая круглые стены юрты

  • Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш - унины (вогнутые жерди, на которых держится верхний купол юрты)

  • Шаңырақ -киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез - деревянный круг на верхушке юрты, дымоход юрты

  • Сықырлауық (жарма есік)- кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады-

1 – топ

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған.

Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Шаңырақ.

Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

 1 – тоғын, ол шаңырақтың негізісі.

2 – күлдіреуіш.

3 – беріктік.

4 – шаңырақтың көзі.





Киіз үй керегесі

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Сонда бір қанат кереге

14 ерістен , 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Сұрақтары:

  1. Киіз үйді сыртқы көрінісіне қарай қандай аттарымен атайды.

  2. Киіз үйлердің аталуы неге байланысты

  3. Шаңырақ қандай бөлшектерден тұрады:

  4. Керегені құрайтын әрбір ағашты қалай аталады?

  5. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды қалай атайды.

  6. Кереге көлеміне қарай қалай аталады?

2- топ

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған.

Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уық бау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды.

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 - сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалар әшекейлейді.

Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер - өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.

  1. Уық нені жалғастырып тұрады?

  2. Доғалайды тесіп, қайысты қалай атайды?

  3. шаңырақтың көзіне қадайтын жіпті қалай атайды?

  4. Киіз үйдің ағаш есігін қалай атайды?

  5. Киіз үй есігінің құрылымын атандар

  6. Сықырлауықты әшекейлеуге қандай өрнектер қолданылады?

Сергіту сәті: «Қара жорға»









оқушылар мұғалімді тыңдайды, өз ойларын жеткізеді,











сұрақтарға жауап жазады





























презентация












Г. Жаңа білімді бекіту

Видео ролик «Установка казахской юрты»

  1. Киіз неше бөліктерден тұрады? ( 4 бөліктерден тұрады: кереге, уық, есік, шаңырақ)

  2. Сағанақ деп нені атайды? Керегені құрайтын ағаштың ең кішісін «сағанақ» деп атайды. 

  3. Есіктің орналасуы неге байланысты болған?( жыл мезгіліне байланысты болған)

  4. Ағаш есік неге ішіне ашылады?(өйткені сыртында киіз есігі болған)

  5. Шаңырақтың негізгісі қалай аталады? (тоғын)

  6. Шаңырақтың доғасы неше градусқа тең болуы керек? Неге?( 45 градусқа тең, су ағымына байланысты)

  7. Венн диаграмасы

Роликті қарап, сұраққа жауап беру.

ролик


3 Рефлексивті бағалау кезеңі Ойын. Салт –дәстүр бөлімінің бүгінгі сабақта соңғы тақырыбың өттік, енді осы бөлімнің қорытындысын ойын арқылы қорытындылаймыз . Ойын алты бөлімнен тұрады:
  1. Қазақ тілінің грамматикасы
  2. Қазақ халқының киелі сандары
  3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
  4. Мақал - мәтелдер, жұмбақтар

  5. Киіз үй,киіз үйдің бөлшектері

  6. Полиглот

Оқушылар өз ойларын, білгендерін айтады, әңгімелейді, сұрақтарға жауап жазады Проектор тақта





Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі

Мына сөздердің мағыналарың ашып келу:

  • Таңғыш

  • Бас арқан

  • Жүкаяқ –

  • Сандық –

  • Шалма

  • Желбау

  • Басқұр

  • Үзік бау

Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса, сұрайды. тақта





Сабақты қорытындылау /
Өз ойларын жеткізеді.



Аты-жөні







1








2








3








4








5








6








7










-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разработка урока по казахскому языку на тему: "Киіз үй бөлшектері" (11.27 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт