Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  4 класс  /  Разработка открытого урока казахского языка в 4 классе с русским языком обучения

Разработка открытого урока казахского языка в 4 классе с русским языком обучения

  • Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Тақырып бойынша диалог арқылы сөйлесуде және сұраққа жауап беруде өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруге, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғуға, түсінуге дағдыландыру. Бөлмедегі жиһаздардың атауларын біліп, сөйлесімде, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жаңа сөздердің, көмекші сөздердің көмегімен бөлмедегі заттардың қайда орналасқанын айта білуге жетелеу. Топпен, жұппен істеу дағдыларын дамыту.
22.11.2017

Содержимое разработки


Пәні: қазақ тілі

4 «Б» сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Менің бөлмем

Сабақтың мақсаты:

Танымдық қабілеттерін және ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік: Сабақта оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғызу, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, бірлесе әрекет етуге жағдай жасау. Тақырып бойынша диалог арқылы сөйлесуде және сұраққа жауап беруде өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруге, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғуға, түсінуге дағдыландыру. Бөлмедегі жиһаздардың атауларын біліп, сөйлесімде, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жаңа сөздердің, көмекші сөздердің көмегімен бөлмедегі заттардың қайда орналасқанын айта білуге жетелеу. Топпен, жұппен істеу дағдыларын дамыту.

  • Дамытушылық: Оқушылардың сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету.

  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

А3 форматты қағаздар, түрлі түсті бояулар (маркерлер), желімдер, жиһаз суретері, бөлменің суреттері.

Сабақтың түрі

Аралас, әңгіме-сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс, әңгімелесу.

Негізгі түсініктер:

Өзара сөйлесу, сұрақтарды тақырыпқа сай қойып, дұрыс жауап беру, дұрыс ойын жеткізу.

Оқыту нәтижелері:

  • Оқушылардың танымдық қабілеті артады.

  • Өз пікірін жүйелі жеткізе алады.

  • Өзін өзі тани білуге және жұптық, топтық жұмыста ынтымақтастықта болады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  • Топта дұрыс шешім қабылдауға үйренеді;

  • Топта бір-бірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

  • Сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу

Жұмыс түрі

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Қызығушылықты ояту

1-әрекет. №1 слайд
Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін. 
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік. 
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық.

Оқушылар өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Топқа бөлу


2-әрекет. №2 слайд

1. Оқушыларға үш түрлі бөлменің суреттерін қиып, араластырып партаның үстіне тастаймын. Суреттің қиындыларын жалғау арқылы 3 топқа бөлемін. Топтың аттары: «Қонақ бөлме», «Жатын бөлме», «Ас үй».

2. Топ ережесін шығару.

 Топ ережесі

1. Тыныштық сақтаймыз

2. Бір-бірімізді тыңдаймыз

3. Уақытты үнемдейміз.


Оқушылар қолындағы сурет қай суреттің қиындысы екенін тауып, 3 топқа бөлініп отырады.

Тілдесім

3-әрекет. Оқылым, айтылым.

  • Сен қайда тұрасың? Жеке үйде ме, әлде пәтерде тұрасың ба?

  • Сенің үйің үлкен бе?

  • Сенің жеке бөлмең бар ма? Ол қандай?

  • Саған бөлмең ұнай ма?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Ой қозғау (түрткі тастау)

4-әрекет. Сөйлесім.

- Сонымен, балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар? Біз не туралы сөйлестік? Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не туралы өтеміз, сабағымыздың тақырыбы қандай?

3,4,5 Слайд


Оқушылар сурет бойынша әңгімелеп, бүгінгі сабақтың тақырыбын табады.

Фонетикалық жаттығу

5-әрекет. Тыңдаңдар, қайталаңдар. № 6,7,8 Слайд





Оқушылар сөздерді оқиды, қайталайды, мағынасын түсінеді.


6-әрекет. Суретпен жұмыс. №12 Слайд

  • Бөлмеде қандай жиһаздар бар?

  • Кішкентай шкаф қайда тұр?

  • Терезенің алдында не бар?

  • Ойыншықтар қайда жатыр?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, суретті сипаттап, қай заттың қай жерде орналасқанын айтады.

Мағынаны тану

7-әрекет. Мәтінмен жұмыс.

    1. Жаңа сөздермен танысу, сөйлемдер мен сөз тіркестерін құру. Слайд № 13

    1. Мәтінді оқу. Слайд № 14,15



    1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. №16 слайд



Оқушылар жаңа сөздермен танысады, сөйлем және сөз тіркестерін құрастырады.






Берілген мәтінді түсініп оқиды.

Топтық жұмыс.

8-әрекет.

1-топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

2-топ. «Автобус аялдамасы» бойынша мәтінді әңгімелейді.

3-топ. Мәтін бойынша диалог құрастырады.



Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды.

Топтық жұмыс

9-әрекет. Флипчартпен жұмыс. № 17 Слайд


  • Балалар, мен бөлмеме жиһаздар сатып алдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Мен жиһаздарды қалай және қайда қоятынымды білмей тұрмын? Қазір сендер дизайнер болып, маған көмектесіңдер. (Әр топ флипчартқа жиһаздардың суретін жапсырады).


Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды.

Сабақты қорыту

10-әрекет. Қорытынды. №18 Слайд



Оқушылар берілген парақшаға бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздерді теріп жазады.

Оқушыларды бағалау

11-әрекет.

Оқушылардың білімдерін фишка арқылы бағалап, бүгінгі сабақты қорытындылаймын.


Оқушыларды бағалап, күнделіктеріне қоямын.

Үйге тапсыр

ма


12-әрекет.

1. Мәтінді оқу.

2. Өз бөлмесі жайлы әңгіме құрастырып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Рефлек

сия


13-әрекет. №19 Слайд

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Ұнамаған жағы болды ма?

  • Сендерге не қиын және оңай болды?


Өздерінің ойларын айтады.













31 жалпы білім беретін мектеп





Қазақ тілінен сабақ жоспары



Тақырыбы: «Менің бөлмем»

4 «Б» сыныбы



Орындаған: қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Албекова Асел Дутаевна



Алматы





ЖАТЫН
БӨЛМЕ





















Қонақ
БӨЛМЕ















Ас үй



-75%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разработка открытого урока казахского языка в 4 классе с русским языком обучения (5.4 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт