Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  7 класс  /  Процесстерді электронды кестелерде модельдеу

Процесстерді электронды кестелерде модельдеу

Барлығы: Электронды кесте элементтерін пішімдейді және жіктейді. Модель мен модельдеу ұғымдарын біледі. Көпшілігі: Модельдеу кезеңдерін анықтай отырып, электронды кесте элементтерін модельдейді. Кейбіреуі: Электрондық кестелерде модельдеу нәтижесін талдайды.
11.12.2019

Содержимое разработки

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: Абай негізгі мекетебі

Күні: 06.12.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Аубакирова С.Г

Сынып: 7

Қатысқандар: 1

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Процесстерді электронды кестелерде модельдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу

7.3.3.1- деректердің типін жіктеу


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Электронды кесте элементтерін пішімдейді және жіктейді. Модель мен модельдеу ұғымдарын біледі.

Көпшілігі: Модельдеу кезеңдерін анықтай отырып, электронды кесте элементтерін модельдейді.

Кейбіреуі: Электрондық кестелерде модельдеу нәтижесін талдайды.

Бағалау критерийі

  • модельдеу типтерінің ұғымдарын біледі;

  • электрондық кесте элементтерін пішімдейді;

  • модель жасау кезеңдерін көрсетеді;

  • модельдеудің әр кезеңдері бойынша ақпаратты өңдейді;

  • компьютерлік модель жасайды;

  • модельдеу нәтижелерін талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар


Терминдер мен ұғымдар:

Электрондық кесте Электронная таблица Electronic Table

Модельдеу Моделирование Modelling

Пішімдеу Форматирование formatting

Құндылықтарға баулу



Еліміздегі ғылым саласының білім беру жүйесін жаңғырту бағдарламасы жүргізілуіне байланысты оқушылар модельдеу, шығармашылық және өз бетінше жұмыс жасау, соның ішінде техникалық жəне кəсіби мамандары ретінде қалыптасуына ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыс

Математика – есептеулер жүргізеді

Ағылшын – терминдердің аудармасын біледі

Физика – уақыт есептеу формуласын қарастырады

Тарих - «Универсиада 2017» қорытындысын еске түсіреді

Дене шынықтыру – сергіту сәтін орындайды

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуын көрсетіп, кесте элементтерін пішімдейді.




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

9 минут


















1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу

«Шаттық шеңбері» тренингі, шеңберге тұрып бір-біріне сабаққа жылы тілектер айтады.


2. «Есептейік» әдісі. Топтарға бөліну

Математикалық есептеулер беріледі. «1», «2» және «3» жауаптарына сәйкес аралас топтарға бөлінеді.



3. Үй жұмысын тексеру.

«Жадыны дамытуға арналған ойын» әдісі

Өткен сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтіріледі. Топтар 1 минут ішінде бұл сөздерді еске алу қажет.

Кері байланыс: Барынша көп дұрыс жауаптарға алғыс айтылады.

«Ой қозғау» әдісі.

«Процесстерді электронды кестелерде модельдеу» атты тақырыбы туралы мәлімет беру, сыныппен бірге онлайн тапсырманы орындау






Математикалық есептеулері бар үлестірме қағаздар, Қосымша 1



















Оқулық, презентация, дәптер,

https://learningapps.org/196979 - «Процесстерді электронды кестелерде модельдеу» онлайн тапсырмасы



Сабақтың ортасы

7 минут




























6 минут
























2 минут






11 минут









































6 минут

Жаңа сабақты ашу

«Әр адам әрқайсын оқытады» әдісі (топтық жұмыс)

Әр топқа қима қағазы бойынша тапсырмалар беріледі. Постерге салу арқылы әр топ түсіндіреді.

І топ: «Модель мен модельдеу типтері»

Дескриптор:

  • модель ұғымын біледі;

  • модельдеу типтерін ажыратады.


ІІ топ: «Компьютерде модельдеу кезеңдері»

Дескриптор:

  • кезеңдерін ажыратады.

ІІІ топ: «Қарапайым есептерді электронды кестеде модельдеу»

Дескриптор:

  • электронды кестенің жұмыс алаңын пайдалануын түсінеді;

  • қарапайым есептерді электронды кестеде жүргізілуін түсіндіреді.


Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі











1 тапсырма. "Шығармашыл жұп". Кәмпиттердің түстері арқылы жұпқа бөлу (жұптық жұмыс)

Екі жеңіл автокөлік екі қаладан бір уақытта, бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Қалалар арасындағы қашықтық 5 километр. Бірінші автокөліктің жылдамдығы V1 км/сағат, екінші автокөліктің жылдамдығы V2 км/сағат болса, олар қанша уақыттан кейін кездеседі?


Дескриптор:

  • есепті шығару жолдарын анықтайды;

  • электронды кесте элементтерін пішімдейді;

  • электронды кестенің деректер типін жіктейді.


Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» жұптық бағалау









«Модельдеу кезеңдері» тренажері арқылы білімді бекіту (онлайн ресурс)





2 тапсырма: «АКТ» әдісі (жеке жұмыс) «Универсиада 2017» электрондық кестеде модельдеу жүргізу

Универсиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.

  1. Осы мәліметтер бойынша кестені толтырып, формула арқылы медальдардың жалпы санын табыңыз.

  2. Жалпы медаль санын (С6-Е6) формула бойынша есептеңіз;

  3. 7 қатарға әр елдің пайызын формула арқылы шығарыңыз. Ұяшықтың типі «%» белгісімен және үтірден кейін екі белгі (мысалы: «0,01») ретінде болу керек;

  4. Кесте бойынша диаграмма құрыңыз және диаграмма элементтерін көрсетіңіз (аңыз, кесте, мәліметтер жазылуы).


Дескриптор:


Кері байланыс: «Алма» әдісі

Жасыл алма – тапсырма толық емес.

Сары алма – модельдеу кезеңдері дұрыс орындалмады.

Қызыл алма – тапсырмада модельдеу кезеңдері ретімен орындалды.


3 тапсырма:

« КӘМҚ талдау» әдісі. Электрондық кестелерде модельдеу нәтижелерін талдау.













Кері байланыс: «Сен жетістіктерге жетудесің!» әдісі


Қима қағаздар, постер, түрлі түсті бояулар, оқулық, ғаламтор желісі




























Түсті кәмпиттер
























Карточкалар

https://learningapps.org/777061 - «Процесстерді модельдеу кезеңі» онлайн тренажер


































Ү ш түсті алмалар







Үлестірме қағаздар



Сабақтың соңы

4 минут







Рефлексия «5-5-1» әдісі

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.


Кері байланыс: «Төрт бұрыш» әдісі

(4 бұрышқа 4 пікір ілінеді: «КЕЛІСЕМІН», «ТОЛЫҚТАЙ КЕЛІСЕМІН», «КЕЛІСПЕЙМІН» және «ТОЛЫҚТАЙ КЕЛІСПЕЙМІН». Оқушылар тиісті бұрышқа жақындап, жауап ретінде саналады)

Стикерлер






Пікірлер:

«келісемін»

«толықтай келісемін» «келіспеймін» «толықтай келіспеймін»


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ мақсаты оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты алынды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және деңгейлеріне байланысты тапсырмалар құрылды. Деңгейі жоғары оқушылардың тапсырмалары барлық аспектілер қарастырылды. Тапсырмаларды орындау қарқыны төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі, деңгейі жоғары оқушылар көмек көрсетеді. Оқушыларды топқа, жұпқа бөлгенде саралауды қолданылды.


Оқушыларға қалыптастырушы бағалау беру үшін әдіс-тәсілдер мен кері байланыстарды қолдандым.

Әдіс-тәсілдер: «Жадыны дамытуға арналған ойын», «Ой қозғау, «Әр адам әрқайсын оқытады», «Шығармашыл жұп», «Кім шебер?», «АКТ», «КӘМҚ талдау», «5-5-1».

Кері байланыс: «Бутерброд», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Алма», «Сен жетістіктерге жетудесің!» және «Төрт бұрыш».

Денсаулық және техника қауіпсіздік сақтау технологиялары мен ережелері. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлері


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қосымша 1




«1»

«2»

«3»

3/3=

6/3=

6/2=

4-3=

6-4=

7-4=

2-1=

4-2=

3-0=

1*1=

2*1=

3*1=

1/1=

4/2=

3/1=




















1 -ресурс:


2 -ресурс:






-75%
Курсы повышения квалификации

Использование информационных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Процесстерді электронды кестелерде модельдеу (717.87 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт