Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Планирование  /  5 класс  /  План на урок на тему: "Судың маңызы және оны қорғау"

План на урок на тему: "Судың маңызы және оны қорғау"

Поурочное планирование предназначенно для классов с государственным языком обучения! План поможет благоприятно провезти урок для малышей, которые только начинают вникать в систему географии. Всем удачи! Спасибо что воспользовались моим планом!)

14.03.2017

Содержимое разработки

Пән: Жаратылыстану. Сынып: 5

Тақырыбы: :§15 Судың маңызы және оны қорғау.
Мақсаты:
Білімділік: Су – ерекше қайталанбас зат екенін әңгімелесу арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Судың пайдасын, қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, тәжірибе келтіру арқылы ой - іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Сабақты бекіту.
4. Үй тапсырмасын беру.

Үй жұмысын сұрақ - жауап арқылы тексеру.
1. Табиғаттағы су айналуы қалай болады?
2. Су табиғатта қандай күйде болады?
3. Таудағы мұздықтар неден түзіледі?
4. Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте қандай маңызы бар?



Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Адамдардың суды пайдалануы.
2. Су – ерекше қайталанбас зат.
3. Суды қорғау.

Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз.
Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерде тазалық сақтау үшін де су қажет.
Адам су жолдарымен қайықтар, теплоходтарға мініп сапарға шығады, азық - түлік, ағаш және машиналарды тасымалдайды. Ата - бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата - анасы «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты майлама – құсын кетіресің», деп өсиет айтқан. Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Қазіргі дүние жүзіндегі халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырлаудың кейбіреулері су бетінде қалқып жүрсе, енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырлдарды су жануарлары қорегі, тұрақты мекені ретінде пайдаланылады.

Бірде-бір тірі ағза сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді. жапырақ фотосинтез процесіне қатынасады.

Суды қорғау. Республикамыздың көптеген аймақтары құрғақ зонада орналдасқан. Жергілікті жерлерде тұщы су жетіспеуі салдарынан олардың жарамсыз жерлерге айналуына сепеші болып отыр. Соған байланысты біздің мемлекетіміз үшін су қорын қорғау негізгі мәселелердің бірі. Дүние жүзінде адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде жылдан-жылға тұщы су қоры азайып, олардың ластануына әсер етуде. Жыл сайын мұхит, теңіз, көл, өзен суларына әр түрлі өндірістің қалдықтары, суармалы ауыл шаруашылық жерлерінің артық сулары қосылуда. Суды ретсіз пайдалану болашақта адамзат үшін көптеген проблемелерды тудыруы мүмкін.

Суды ластанудан сақтау үшін зауыт-фабрикалардан, ірі қалалардан шыққан суларды бірнеше деңгейден тұратын тазартқыш қондырғылардан сүзіп өткізу қажет. Ондай тазартылған суды екінші рет өндіріс орындарында пайдалануға болады.

Суды табиғи жолмен тазалауға болады. Оларға өсімдіктер мен жануаралардың кейбір түрлері қамыс, қоға, өлең шөп, батпақ қырықбуыны, сүмбілшаш, молюска жатады. Көптеген молюскалар органикалық қалдықтармен кезінде суды өзінің денесі арқылы өткізіп, табиғи сүзгінің рөлін атқарады.

Бекіту кезеңі:
1. Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
2. Сұйық, қатты және газ күйіндегі судың қасиеттерін салыстырыңдар?
3. Судың көлемі қыздырғанда және салқындатқанда қалай өзгереді?
4. Қыста су өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігін сақтауда мұздың қандай 5. қасиеттері септігін тигізеді?
6. Суда еритін бірнеше заттарды атаңдар. Олардың суда еритінін немен дәлелдейсіңдер?
7. Суда ерімейтін заттарды атаңдар?
8. Суды неліктен және қалай қорғайды?
Үй тапсырмасы:§15 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Бағалау.



-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель географии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
План на урок на тему: "Судың маңызы және оны қорғау" (506.87 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт