Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Өзін - өзі тану : "Жылы жүрек - жақсы тілек"

Өзін - өзі тану : "Жылы жүрек - жақсы тілек"

Сабақтың тақырыбы: «Жылы жүрек - жақсы тілек» Сыныбы: 3 Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімдік: жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиелілігі: мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Көрнекіліктер: Сабақтың дәйек сөзі жазылған плакат, жүрекшелер, тарапта парақтар. Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. Сабақтың типі: Жана білімді хабарлау сабағы. Сабақтың түрі: Блок сабағы. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: • Сәлемдесу, танысу; • Қызығушылықты ояту; ІІ. Негізгі бөлім: • Үй тапсырмасын тексеру; • Пікірлесу сұрақтары; • Проблемалық сұрақ; • Жана ақпарат; • Ойын - жаттығу; • Мәтінмен жұмыс; • Сабақтың дәйек сөзі; • Тапсырма; • Дәптермен жұмыс; • Рефлексия; • Қортынды. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай? Бүгінгі өзін - өзі тану сабағын сендермен мен жүргіземін. Сіздермен тағыда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Қызығушылықты ояту: Бүгін сабағымызды бастамас бұрын Ө. Ақылбеков тың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе айтайық. Өзіңді тану Жақсы болу - өзіңнен, Жаман болу - өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. Өзіңді өзің қолыңа ал, Өзіңсің - ақыл айнасы. Тиеді саған мәні бар «Өзіңді тану» пайдасы. - Балалар, ең алдымен бірінші қадамды өзімізден бастауымыз керек. Өзіміз қандай болсақ, өмірде бізге сондай болып көрінеді. Үй тапсырмасын тексеру: Ал, енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін. Пікірлесу сұрақтары: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Жылы жүрек - жақсы тілек» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты «Адамдар қайырымдылығы туралы жүректен шыққан жылы, жақсы тілектерін білдіру» жайы өздеріңмен пікірлессем деймін. Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.

24.05.2017
-75%
Курсы повышения квалификации

Речевая подготовка детей к школе на современном этапе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өзін - өзі тану : "Жылы жүрек - жақсы тілек" (30.08 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт