Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Планирование  /  10 класс  /  Открытыйт урок "Повторение лексического материала"

Открытыйт урок "Повторение лексического материала"

Планирование урока по казахсмкому языку "Повторение лексичского материала".

28.02.2017

Содержимое разработки

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Шұбар орта мектебі


















Тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау










Мұғалімі: А.Сейтжанова

Пәні: қазақ тілі

Күні: 19.01.2017

Сыныбы: 5 А


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың лексика саласы бойынша алған білімдерін жаттығу жұмыстар,тест әдісі арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Дұрыс сөйлей білуге, өз білімін бағалай білуге, ұқыпытыққа тәрбиелеу;

3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау ,ой жинақтау, еркін сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру,ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: білімді жүйелеу,жинақтау іздендіру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Бүгінгі сабағымызды «Қазақ тілі» атты өлең жолдарымен бастаймыз:

Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім.


II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 5 мақал-мәтел жаттау. 5 тұрақты сөз тіркесін жаттау.

2. 209,210-жаттығу.


ІІІ. Кіріспе бөлім.

Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

3. Сөзжұмбақ сұрақтары:

  • 3. 1.Фонетика,лексика,омоним,синоним терминдері терминнің қай түріне жатады?

  • 2.”Қияр ”сөзінің диалектісі

  • 3.Қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған сөздер?

  • 4. Сөздің лексикалық мағыналары

  • 5. Сыпайы сөйлеу мақсатында шыққан сөз

  • 6. “Жастық” сөзінің диалектісі

  • 7.Тәңертең сөзінің диалектісі


ІV. Негізгі бөлім

  1. Сұрақтар бәйтерегі.

  • Тарихи сөздерді ата.

  • Архаизмдер дегеніміз не?

  • Кірме сөздерді ата.

  • Кәсіби сөздер дегеніміз не, қандай түрлері бар?

  • Диалект сөздер дегеніміз не?

  • Табу сөздерге не жатады?

  • Сөздің тура және ауыспалы мағынансын айт.

  • Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Пышқы, шербек, тарамыс, тышуыр, қоныш, қайрақ, балға сөздері неге байланысты айтылған сөздер?

  • Кешен, бап, нарық, әуежай, мұражай кандай сөздер қатарына жатқызамыз?

  • «Алыс» сөзінің тұрақты тіркес синонимын айт.

  1. «Ой жинақта». Кесте толтыру.

    Көп мағыналы сөздер

    1

    2

    3


    Бастапқы мағына

    Ауыспалы мағына

    Ауыспалы мағына

    Көз

    Адамның көзі



    Күміс


    Күміс көмей


    Кілт

    Есіктің кілті



  2. Оқулықпен жұмыс. 220-жаттығу.

  3. Тест-конкурс.

1. “Бетінің оты шықты”тұрақты тіркесінің мағынасын тап

а/ ұялды в/ қорықты с/ мейірімсіз д/ жолы болды

2. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөзге жатады?

а/ отбасы в/ отарба с/ жасуша д/ оқулық

3. “Айлакер” сөзінің антонимін табыңдар?

а/ мейірімді в/ қатыгез с/ аңқау д/ еріншек

4. Берілген тіркестердің тура мағынада қолданылып тұрғанын көрсет

а/ терең білім в/ терең көл с/ терең ой д/ терең сезім

5.”Мылжың ” сөзі қандай сөзге жатады?

а/ көнерген сөз в/ эвфемизм с/ дисфемизм д/ табу

Дұрыс жауабы: 1 а 2 в 3 с 4 в 5 в

  1. «Зерделі сұрақ – дәлелді жауап»


Мысал

Ереже

Пайыз,сынып

Көнерген сөз/ жаңа сөз/

Найза,шабарман

Жаңа сөз/ көнерген сөз/

топырақ ,ауа

Жаңа сөз /жалпылама лексика/

Ядро,лексика

Көнерген сөз/кірме сөз/


ІІІ Білім тексеру:


  1. Топтастыру. Лексиканың қарастыратын мәселелері.

  2. Графикалық диктант.



VІІІ.Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Лексика жөнінде түсінік

2. 221,225- жаттығу.




-75%
Курсы повышения квалификации

Использование Case-Study учителем русского языка и литературы

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
750 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Открытыйт урок "Повторение лексического материала" (22.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт