Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  9 класс  /  Натрий, оның физикалық және химиялық қасиеттері

Натрий, оның физикалық және химиялық қасиеттері

Сабақ жоспары натрийдің және оның қосылыстарының қасиеттерімен танысып, физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру.

25.03.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Натрий қосылыстары

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға натрийдің маңызды қосылыстары жайлы алған

білімді жүйелеу және жинақтау

Дамытушылығы: оқушылардың ой-белсінділігін арттыру, география,

биология және зоология курстарындағы білімдерін химия

пәнімен ұштастыра білуге машықтандыру.

Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың

білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, топтық, жеке жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.

Пәнаралық байланысы: география, биология, зоология, математика.


Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Нұрахметов, т.б. Химия – 8сынып

2. Д.М.Кирюшкин, т.б. Химияны оқыту методикасы

3. Н.Нұрахметов, т.б. Химия жұмыс дәптері-8 сынып

4. Тренинг – сабақтарын өткізу бойынша

мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдар.

Сабақтың жүру барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

Келісім шарт қабылдау.

  • Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

  • Бір – бірімізді тыңдаймыз;

  • Бір ғана адам сөйлейді;

  • Өз ойларымызбен бөлісеміз;

  • Бос сұрақтар болмайды;

  • Уақытты үнемді пайдаланамыз.

Танысу.

«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ой қозғау. Тәжірибе.

Қажетті құрал: металл натрий, су, стакан.


Орындалуы: Оқушылар алдарына берілген тәжірибеге талдау жасайды.

1. Оқушылар натрий кесегін алып, оны суға салғанда пайда болған

құбылысқа түсінік беру.

2. Реакция теңдеуін жазу.

Сұрақ: Натрийдің физикалық қасиеттері қандай?





















Өзекті мәселе.

Сыныппен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап бере отырып, бір мезгілде

есеп шығару.

1. Натрийдің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қандай?

2. Қазақстан картасынан құрамында натрий бар минералды тұздарды өндіретін

ең басты облыстарды көрсетіңдер?

3. Натрийдің химиялық қасиеттері?

4. Натрийдің алуынуы және қолданылуы?

Есеп шығару.

1.Төмендегі айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар:

Na→NaOH→NaCl

Бұл реакциялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына, қайсысы

ион алмастыру реакцияларына жатады?

2. Мына айналуларды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін

жазыңдар:

Na→NaOH→NaCl→NaNO3

Әрбір реакцияның жүру жағдайларын көрсетіңдер.

Жеке жұмыс. 1. Массасы 9,2 г натрий кесегі сумен түгелдейреакцияға түсті.

Буландырған кезде ерітіндіден 12 г натрий гидроксиді бөлініп

алынды. Теориялық мүмкін болатынмен салыстырғанда

реакция өнімішығымының массалық үлесі (%) қанша?

2. Мынадай реакция теңдеуібойынша:

Na2CO3 + CO2 + H2O=2NaHCO3

10,6 г кальцийленген содадан қанша ас содасын алуға болады?

Өнімнің шығымы теория жүзінде мүмкін болатынның 75%-ін

құрайды.


ІІІ. Жаңа сабақ


Жоспары: 1.Натрийдің маңызды қосылыстары

2. Натрий қосылыстарының қолданылуы.

Негізгі ұғымдар:

  • NaCl – натрий хлориді

  • Na2SO4 – натрий сульфаты

  • Na2SO4· 10H2O – глаубер тұзы

  • Na2CO3 – натрий карбонаты

  • NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты

  • NaNO3 – натрий нитраты

1.Натрийдің маңызды қосылыстары




Натрий оксиді

Натрий гидроксиді

Натрий хлориді

Натрий сульфаты

Глаубер тұзы



Натрий карбонаты



Натрий гидрокарбонаты



Натрий нитраты








2. Натрий қосылыстарының қолданылуы.


Қосылыстардың атауы

Оларды қолдану

Натрий хлориді

Тағамға салынады, консервілеуші зат қызметін атқарады, себебі шірітетін бактериялар мен көгерткіш саңырауқұлақтарды өлтіреді.Химия өнеркісібінде: натрий, хлор, натрий гидроксиді, сода алуға қажетті шикізат ретінде көп мөлшерде қолданылады.

Натрий сульфаты

Шыны, сода өндіруге жұмсалады.

Глаубер тұзы

Медицинада

Натрий карбонаты

Сабын шылау, мата, былғары, фармацевтика өнеркәсібінде, шыны, тағы басқа өндіру үшін қажет

Натрий гидрокарбонаты

Медицинада және түрлі нан өнімдерін пісіргенде қолданылады.

Натрий нитраты

Азот тыңайтқышы ретінде пайдаланады.

Сабақты бекіту:

Топтық жұмыс. «Тең-теңге» оқыту әдісі

І топ. Сілтеме табушылар.

1. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды табыңыздар?

ІІ топ. Баяндаушы топ

1. Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап

беріңіздер.

ІІІ топ. Ізденуші топ.

1. Оқулықтағы 2,3 – жаттығуларды орындаңдар.

ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

І топ тапсырмасы: 138 беттегі №6 тапсырманы орында

ІІ топ тапсырмасы: 138 беттегі №7 тапсырманы орында

ІІІ топ тапсырмасы:138 беттегі №8 тапсырманы орында

ІҮ топ тапсырмасы: 138 беттегі №9 тапсырманы орында


Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?







Бағалау.

Үйге тапсырма: §66 оқу. 187 беттегі 4 жаттығу.

-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Натрий, оның физикалық және химиялық қасиеттері (60.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт