Бекітемін:
Сабақ № 47 | биология 7 б сынып күні: 03.03.16 | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жорғалаушылар класы. Кластың жалпы сипаттамасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құрлық-ауа тіршілік ортасына бейімділігі, жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі және мінез-құлығы. Көбеюі және дамуы | |||||||||||
Сілтеме | Жоспар, «Жануартану оқулығы» (Қ.Қайым), арнайы суреттер, «Биология» оқулығы, желідегі видео, Power Point, үлестірме материал, «Биология» жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. | |||||||||||
Негізгі мақсаты | Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама, нағыз алғашқы құрлық омыртқалы жануарларымен, бауырымен жорғалаушылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жорғалаушылар туралы сипаттама беру,жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшелігін көрсете отырып, жер бетіндегі омыртқалы жануарлармен салыстыру | |||||||||||
Түйінді идеялары | Бауырымен жорғалаушылар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу | |||||||||||
Нәтиже: | 1. Алған білімдерін айтуға , салыстыруға, делелдеуге үйренеді 2. Ұйымшылдыққа, топтаса жұмыс істеуге, өз ойларын еркін айта білуге, бірін-бірі дұрыс тыңдай білуге үйренеді | |||||||||||
Ұйымдастыру
| Көшбасшы болу, топқа бөлу, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, жұптық, топтық) Жақсы оқып сабақты, | |||||||||||
Қолданылған модульдер | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Уақыт | |||||||||
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Білу «Жұмбақтар шешу» АКТ, СТО
Түсіну Қолдану «ДЖИГСО» стратегиясы (мазмұнды сызбамен жұмыс) Оқушылардың жас ерекш. сәйкес оқыту және оқу Талантты және дарынды балаларды оқыту
| Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту)
Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық! Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық!
Топқа бөліп, ой қозғайды Тақырыпты ашады, қызықтырады І. Қызығушылықты ояту
Иір,иір ізі бар,
Ши түбінде шұбар кездік. (кесіртке) ІІ. Мағынаны ажырату Әр топқа тапсырмалар береді І топ: «Тұмсықбастылар» Тапсырма №1 Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктерін сипаттау. ІІ топ: «Қабыршақтылар»Тапсырма №2 Жорғалаушылардың құрлық-ауа тіршілік ортасына бейімділігі, жылдық тіршілік циклы туралы түсіндіру. ІІІ топ: «Тасбақалар» Тапсырма № 3 Жорғалаушылардың қоректенуі және мінез-құлығы туралы әңгімелеу. ІV топ: «Крокодилдер» Тапсырма № 4 Жорғалаушылардың көбеюі мен дамуын сипаттау.
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, «Жарайсың», «Өте жақсы», басбармақ арқылы, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы | Түрлі түсті стикерлер арқылы 4 шағын топтарға бөлінеді І топ: «Тұмсықбастылар» ІІ топ: «Қабыршақтылар» ІІІ топ: «Тасбақалар» ІV топ: «Крокодилдер»
Жұмбақтарды шешіп, тақырыпты ашады Өз ойларын жазуды ұсынады, топпен жұмыс жасайды Әр түрлі әдістер арқылы мәтінмен танысады, зерттейді Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Топ мүшелері сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады «Әркімнің пікірі құнды»
Оқыған материалдарын постерге түсіріп, әр топ қорғап талдайды; топ мүшелері әр топқа барып түсіндіреді Бірін-бірі қолдайды | 10 мин
20 мин | |||||||||
АКТ | Сергіту сәті
| жаттығу | 1мин | |||||||||
Талдау Жинақтау СТО «Білім торы» стратегиясы | ІІІ.Ой тоғаныс «Миға шабуыл» Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым? Қазақстанда тасбақалардың қандай түрлері кездеседі? Жүйке жүйесі қандай? Жорғалаушылардың қан айналу жүйесі қандай? «Жұмыртқадан жылан да, қыран да шығады» дегенді түсіндір Кейбір жорғалаушылардың пайдасы бар дейді, ол қай жануар және қандай пайда келтіреді? Крокодилдер мен жыландарды өсіретін арнайы тәлімбақтар, жыланханалар бар. Ол туралы не білесіңдер? Жорғалаушылардың қосмекенділермен ұқсас және айырмашылық белгілері қандай? Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қандай? Жорғалаушылардың ішінде қай жануардың жүрегі төрт қуысты? Мүшелдік жыл санауға қандай жануар енген? Жорғалаушылардың қандай түрлері қауіпті? Жорғалаушылар қалай тыныс алады? «Жыланның уы тілінде» деген рас па?
| Сұрақтарға жауап бере, білім торын құрайды
| 10 мин | |||||||||
Бағалау ОүБ | Топ жетекшілерінің бағаларын негізге ала отырып бағалар қойылады | Бірін-бірі қолдайды | 2 мин | |||||||||
Үй тапсырмасы | Тақырыпқа байланысты желідегі қосымша материалдар бойынша хабарламалар дайындау тапсырады
| Бағаларын қойғызады Оқушылар өз пікірлерін жазады | 1 мин | |||||||||
Кері байланыс «ББҮ кестесі» |
Оқушылар сабақта не сәтті өтті, нені жақсы меңгерді, соларды стикерлер арқылы үш түрлі смайликтерге жапсырады
| 1 мин |
Бекітемін:
№49 сабақ Күні: 10.03.16
Сабақтың тақырыбы: | Жорғалаушылар отряды: тасбақалар,тұмсықбастылар,құбылмақтар,кесірткелер,қолтырауындар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Білім стандарты, биология пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаттар | Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру. Тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту,оқушылардың өз идеяларын еркін жеткізуге және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Міндеттері | Білімділік: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып жорғалаушылар туралы түсіндіру, қосымша ақпараттар жинауға дағдыландыру, топпен, өздік жұмыстарды орындауға баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, сақтауға, өз ойын қорытындылауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту нәтижесі | Дүниетанымы кеңейеді,өз идеяларын еркін жеткізуге тырысады,бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі,бірін-бірі қолдай білуге үйренеді.Жорғалаушылар класының қандай отрядқа бөлінетіндігін және тіршілік етуі жайлы білетін болады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар | Оқу құралы 7-сынып Биология авторы Қ Қайым, Р Сәтімбеков, Ә Әметов, Ж Қожантаева Алматы: Атамұра-2012 7-8 –сынып Жануартану авторы Қ Қайым, Б Мұқанов, Р Сәтімбеков, М Шаймарданданқызы Алматы: Рауан-1998. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың бір-біріне деген сыныптастарынан қолдау таба алатынына сенімділігін арттыру.Өз бетінше оқып үйренуге,өз пайымдауларын жасай алуға дағдыландыру. Жаңа материалды талдау арқылы жорғалаушылардың тіршілік ету жағдайларының ерекшеліктерін ұғындыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың әдіс-дәсілдері | Ой қозғау,жұптық,топтық жұмыс,семантикалық карта,тест сұрақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дереккөздер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Оқытуды басқару және көшбасшылық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жануартану,география,жануарлар әлемі атласы,география және табиғат журналы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жүру барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты | Мұғалімнің іс–әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Топқа бөлу. 2 мин
| Сәлемдесу Сабақтың мақсат- міндеттерімен танысу Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып. Оқушыларға тілек шоғының қиындысы арқылы топқа бөлу. І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды омыртқалылар суреттерін құрастыру арқылы 3 топқа бөлу. Топтық жұмыстағы рөлдерді бақылау
| Сәлемдеседі,кезекші оқушы жауап береді. Оқушылар сурет қиындыларын құрай отырып балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар деп үш топқа бөлінеді.
Топ мүшелерін сайлайды. Төраға,бақылаушы,уақыт сақшысы,хатшы, баяндамашы әркім өз қызметін атқарады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Үй тапсырмасын сұрау. АКТ пайдалана отырып Диологты оқыту 5 мин
| ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Тест сұрақтары арқылы үй тапсырмасын сұрау. Тест сұрақтары 1Жорғалаушылар неше отрядқа жіктеледі? а) 3 ә)7 б)5 2.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы? а)герпетология ә) ихтиология б) зоология 3.Терісі қандай? а)ылғалды ә)майлы б)құрғақ 4.Жорғалаушылар немен тыныс алады? а)желбезек ә)тері б) өкпе 5.Жүрегі неше қуысты? а)2 құлақша,1қарынша ә)1құлақша,2қарынша б)2құлақша,1қарынша 2құлақша,2қарынша 6.Жорғалаушылардың көбеюі а)қос жынысты ә)көп жынысты б)дара жынысты 7.Ұрығы қалай көбейеді? а)жұмыртқа,тірілей ә)жұмыртқа б)тірілей 8.Ұрықтану қалай жүреді? А)сырттай ә)іштей б)сырттай және іштей 9.Жорғалаушылар қай аймақта көп тіршілік етеді? а)субтропиктік ә)полярлық б)қоңыржай 10.Жүректің қарыншасын не бөліп тұрады? а)без ә)перде б)бұлшықет 11.Жорғалаушылардың дене температурасы а)жылықанды ә)салқынқанды б)тұрақты 12.Жылан уын қайдан бөліп шығарады? а)үстіңгі жақсүйек ә)тіл б)тіс 13.Жыланның дене бұлшықеті қалай дамыған? а)жақсы ә)нашар б)дамымаған 14.Жыландардың айыр тілі қандай қызмет атқарады? а)жемін ұстау ә)сипап сезу б)сілекей бөлу ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау. «Семантикалық карта»
| Оқушылар үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Интерактивті тақта арқылы тест жауаптарын тексереді.
Белгі соғады (өзін-өзі бағалау).
Семантикалық картадағы сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап беру.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.Жаңа тақырып. Миға шабул жасау 10 мин |
(оқушыларды жаңа сабаққа дайындау). «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа сабақты бастайды.
V.Жаңа сабақ. Мағынаны тану. (Бейнекөріністі көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу). Жеке оқушымен және жұптық, топтық.
Әр топқа постерге түсіру арқылы тапсырма беру және қорғау. Картамен жұмыс. Жеке оқушымен жұмыс. Кестені толтыр.
1.Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар. 2.Жүрегі 2 құлақшадан 1 қарыншадан тұрады. 3.Терісі құрғақ,мүйізді қабыршақтармен қапталған. 4.Өкпесі арқылы ғана тыныс алады. 5.Өкпесімен де,терісімен де тыныс алады. 6.Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар. 7.Жамбасқа жақын орналасқан 2 бүйрегі бар. 8.Аналь тесігі бар. 9.Клоакасы бар. 10.Іштей ұрықтанады. 11.Омыртқа жотасы:мойын,тұлға,сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген. 12.Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған. 13.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды. 14.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болады. 15.Сырттай ұрықтанады. | «Сұрақ-жауап »әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашады.
Оқушылар бейнекөріністі көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.
Оқушылар постермен жұмыс жасайды және баяндамашы 1немесе 2 оқушы тақтаға шығып қорғайды. Жануарлар картасынан жорғалаушылардың қай аймақта тіршілік ететінін анықтайды. Солт және Оңт Америка
Африка және Аустралия
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5.сергіту сәті 1мин | Сергіту сәті: интербелсенді тақтадан көрсетілген тренинг арқылы бой жазу (Кірпі-қара жорға).
| Интерактивті тақтадан көрсетілген тренинг арқылы бой жазады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6.Қорытынды. 10 мин | Жорғалаушылардың адам өміріндегі пайда-зияны -Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер менкемірушілерді жеп,ауыл шаруашылығына едәуір пайда келтіреді. -Бұлар тірі мақұлықтардыңқоректік тізбегінде кәсіптік аңшылыққа ауланатын жануарлардың қорегі болуы арқылы табиғатта үлкен орын алады. -Ірі денелі кесірткелердің,жыландардың,әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. -Сондай-ақ ірі кесіртке,жылан және крокодилдің терісі ежелден-ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. -Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі-дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
| Мәтіннен қажетті ережелерді дәптерге түсіреді. Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып білімдерін жинақтау арқылы қорытындылайды.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Білімді жинақтау және жүйелеу.
| Даптермен жұмыс 23 мамыр Дүниежүзілік тасбақа күні. Тасбақаның арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Кесірткенің қорғаныш әрекеті-өздігінен құйрығын үзу(автотомия), қалпына келу(регенерация). Қазақстанда-тасбақа-2 кесіртке-30 Жылан-18 ҚР қызыл кітап-кесіртке-6, жылан-4 КСРО қызыл кітап-тасбақа-2 Түрі; 1«аллигатор-қолтырауын», 2«крокодил-тәмсақ», 3«гавиал-азғы» кесіртке-келес,батбат,сарлан,агама,ұршықсап т.б Жылан- әбжылан,оқжылан,сұржылан,питон,кобра,анаконда
|
Мәтіннен қажетті ережелерді дәптерге түсіреді.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.Үйге тапсырма беру және қорытынды бағалау 1 мин | Мәтінді оқу,ақпарат құралдарынан жорғалаушылардың қай жерде көп таралғандығы жайында мәліметтер іздену, таралу аймақтарын картадан көрсету және жеке түрі бойынша реферат жазу,кестені толтыру.
Жорғалаушылар туралы бейнекөрініс көрсету. 1. «Әлемдегі ең үлкен қолтырауын» 2. «100жасаған тасбақа өлді»
| Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазып алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлерімен жұмыстану
| «Формативті бағалау» «Бағдаршам» Критерилері; 1.Жауап айқын,нақты болуы 2.Постердің көркемдігі 3.Уақыттан ұтылмау
| «Бағдаршам» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия
|
Алған әсерің қандай?
INSERT немесе түртіп алу әдісі
| Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығы жайлы кері байланыс жасайды.
|