Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Конспект музыкального занятия "Теңіз оқиғасы"

Конспект музыкального занятия "Теңіз оқиғасы"

Дети отправляются в морское путешествие. Во время путешествия, дети исполняют песню, танцуют, слушают музыку.

04.05.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы:Теңіз оқиғасы

Білім бөлім интеграциясы: «Тілдік дамуы», «Таным»,
«Көркем — эстетикалық дамуы», «Дене дамуы».

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Музыкалық-валеологиялық тәрбиесі технология арқылы, балалардың музыкалық қабілеттерін дамуын қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімдік: Тыныс жаттығуын жасауға үйрету; би элементтерін үйрету «Ленталармен би»; К. Сен-Санс композитормен таныстыру; музыканы сипаттай білу.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты дамыту; белсенді ой қызметін; тіл байлығын , фонематикалық есту қабілеттерін, қиялдарын. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Талқылау барысында қатынасу, көмекке келу ынтасын өз пікірлерін айту, қайырымдылыққа тәрбиелеу.Амандасу және қоштасу икемділіктерін дамыту.

Сөздік жұмыс: сөздік қорын молайту.

Әдістер: сөздік, көрнекті, ойындық, практикалық.

Тәсілдер: әңгіме, ұғындыру, көркем сөз, мадақтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: ноутбук, проектор, ширма, бөтелке хатымен, сандықшалар, ыдыс суымен, нота хрестоматиясы, пазлдар «Алтын балық», түтікшілер.

Музыкалық материал:

1. Аудижазба «Теңіз шуы»
2. Шығарма «Аквариум» К. Сен-Санса циклдан «Музыкалық қиялдар»
3. Шығарма «К Элизе» Л.Бетховен

Алдын-ала өткізілетін жұмыс:

Балалармен теңіз туралы әңгіме жүргізу.
«Теңізші» әннің сөздерін жаттау.
«Ленталармен би» биінің музыкалық-ырғақты элементтерін талдау.
Музыкалық шығарманы тыңдау «Аквариум» К. Сен-Санс.
Үстел «Алтын балық»ойын пазлдарын қарастыру.

Оқу қызмет барысы:

Балалар көңілді музыкамен залға кіреді.

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, кәне олармен амандасайық. (музыкалық сәлемдесу).

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіз бе!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіңдер ме!

Балалар, мен сендерді саяхатқа шақырамын, ал қайда, сендер білесіңдер, егер музыканы мұқият тыңдасаңдар.
(музыканы тыңдайды «Теңіз шуы» аудижазба)

Муз. жетекшісі: Ия, бүгін біз сендермен теңіз саяхатына аттанамыз. Балалар, теңіз саяхатына немен баруға болады? (Балалардың жауаптары). Ал мен сендерге ұсынамын, шағын желкенді кемеде жүзу. Кәне кемеге отырайық.

(Теңіз дыбысы, ширма артынан бөтелке көріне бастайды).


Қараңдаршы, теңіз бізге бөтелкені ішіндегі хатымен шығарып отыр. Сондай теңіз дәстүрі бар: хатты көмекке сұрау бойынша бөтелкеге салады, сол бөтелкені алысқа теңізге лақтырады, ал теңіз толқындары ол бөтелкені теңіз жағасына әкеледі. Ал сендер көмек жасауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия! Дайынбыз!

Муз. жетекшісі: Кәне көрейік, бөтелкеде не.(Ашып оқиды).

«Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Теңіздің тұбіне бес сиқырлы сандықшалар жоғалып кетті, оларды табуға көмек жасаңдаршы, сандықшалар мықты құлыппен жабылған. Егер барлық бес сандықшаларды тапсаңдар, сонда ғана құлыптар ашылады. Сандықшаларды жинаған соң, білесіңдер, кім сендерді теңіз оқиғаға шақырғанын. Сендерге көмекке өзімнің көмекшімді жіберемін – теңіз жұлдызын, ол сендерге жол көрсетеді».

Муз. жетекшісі: Ал міне көмекшіміз — теңіз жұлдызы.

Теңіз жұлдызы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Теңіз жұлдызы: Мен-Теңіз жұлдызымын. Мен теңіз тұбінде мекендеймін, сендерге сиқырлы сандықшаларға жол көрсетемін.

Теңіз өзінде көп құпиялар және тосынсыйлар сақтайды. Балалар, міне біздің бірінші құпиямыз.
«Бірінші сандықшаны табасыңдар, егер теңізге жақындасаңдар, менің қожайынмен амандасасыңдар!»
Муз. жетекшісі: Кәне, теңізбен амандасайық. Мен амандасу сөздерін айтамын, ал сендер қимылын жасаңдар.

Музыкалық жаттығу

«Сәлем теңіз

Сәлем, сәлем, теңіз! (балалар шеңбер бойымен тұрады)
Үлкен, осындай. (жан-жаққа қолдарын жаяды.)
Жағасында құм судырайды, ( ш-ш-ш дыбысын айтады.)
Толқынында шағала айналады, (қолдарымен сермейді.)
Түбінде балықтар малтиді.(алдарында алақандарын қосып)
Тек жел әзірше үрлеп, (үрлейді.)
Теңізге толқын барады. (қолдарымен қимыл жасайды.)
Сонда теңіз түбіне қараңғы және салқын түседі.
Кемелер жаяды, өз желкендерін. (қолдарын жоғары көтереді, түсіреді)
Міне қандай теңіз, үлкен, әдемі. (қолдарын жан-жаққа жаяды)

(Жаттығудан кейін ширма артыннан бірінші сандықша көріне бастайды).

Муз. жетекшісі: Ал міне бірінші сандықша . Екінші сандықшаны табу үшін, теңіз жұлдызынан көмек сұрайық .

Теңіз жұлдызы: «Егер әдемі ән шырқалса, екінші сандықшаны табасыңдар».

Муз. жетекшісі: Алдымен бізге желкенді жазуымыз керек. Ол үшін біз жаттығу жасауымыз керек. Денемізді тік ұстаймыз, мұрнымызбен қысқа дем аламыз, содан соң ұзақ шығарамыз. Ал енді алақандарымызды жайып, алдарымызда ұстап, осы жаттығуды жасап көрейік. Міне балалар, біздің желкеніміз ашылды. Саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін, әдемі әнімізді шырқайық.

Ән: «Теңізші» Е.Өміров

(ширма артыннан екінші сандықша көріне бастайды).

Муз. жетекшісі: Ал міне екінші сандықша . Үшінші сандықшаны табу үшін, теңіз жұлдызынан көмек сұрайық

Теңіз жұлдызы:

«Үшінші сандықша табылады, егер сиқырлы музыка ағылса»

Музыка жетекшісі: Мен сендерге Камиль Сен-Санстың «Аквариум» атты музыкалық шығарманы тыңдауға ұсынамын. Қаласаңдар көздеріңді жұмып, музыканың суреттеу бойынша, суреті елестетуге болады.

Музыкалық шығарманы тыңдау «Аквариум»

(Музыканы тыңдайды, сипаттайды: музыка ертегілік, сиқырлы, ырғақты; дыбыстарында судың құбылуы естіледі).

Композитор Камиль Сен-Санс осы музыкалық шығарманы жазды. Қалай ойлайсыңдар балалар, неліктен мен сендерге «Аквариум» атты шығарманы тыңдауға ұсындым?

Балалар: Аквариум — бұл үйдегі теңіздің бір бөлігі, ішінде балықтар мекендейтін, балдырлар өсетін, іші толы су.

Муз. жетекшісі: Ал енді, осы музыканы жандандыруға ұсынамын. Ол үшін бізге түтікше қажет. Судың құбылған дыбысын шығару үшін, су толған ыдысқа үрлеп көрейік.

Музыкалық шығарма ойналады«Аквариум»

Муз. жетекшісі: (теңіз шуы) Қараңдаршы балалар, теңіз толқындары бізге қарай үшінші сандықшаны лақтырды (сандықшаны алады). Балалар, енді төртінші сандықшаны табуымыз керек.

Теңіз жұлдызы:

«Төртінші сандықша теңіздің ең түбінде,
Оны табу үшін,
Теңізді тыныштандыру қажет,
Сонда сандықша қолдарыңа жетет»

Кәне балалар, би билейік. Дайынсыздар ма?

Балалар: Ия!

(би қимылдарын жасайды)

Би «Ленталармен би»

Муз. жетекшісі: (теңіз шуы ширма артынан төртінші сандықша көріне бастайды) Ал міне, төртінші сандық.

Мен ойлаймын біз келесі бесінші сандықшаны табамыз деп. Міне бізде төрт сандықшамыз бар, енді біреуін табуға қалды. Жұлдыздың соңғы тапсырмасын тыңдайық.

Теңіз жұлдызы:

Шығарманы мұқият тыңдаңдар, теңіздің әртүрлі күйдегі(«тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқыраған» теңіз) көңіл күін музыкалық аспаптар арқылы көрсетіңдер.

Ойын «Теңіз»

Муз.жетекшісі: Қараңдаршы, алдымызда арал көрінеді. Бәріміз аралға түсіп сандықшалардың құлыптарын ашайық, ішінде не барын білейік. Балалар, біздің көмекшімізге, Теңіз жұлдызына, рақметімізді айтып, қоштасайық.

Теңіз жұлдызы: Сау болыңдар, балалар!

(Балалар қоштасып орындықтарынан тұрады).

Муз.жетекшісі: Міне ,барлық сандықшаларды жинадық. Кәне оларды ашып көрейік. Қараңдаршы балалар, ішінде жұмбақ .

«Барлық бөліктерді жинап, жұмбақты шешу керек».



Пазлдарды жинау «Алтын балық»

Балалар, енді біз білдік, кім бізден көмек сұрағанын— бұл теңіздің иесі — алтын балық. Жарайсыңдар балалар, алтын балыққа көмектестіңдер. Сендерге ұнады ма оның патшалығында? Айтыңдаршы не ұнады, не ұнаған жоқ, нені білдіңдер(балалар өз ойларын білдіреді). Ал сендерге естелікке алтын балық теңіз түбінен қабыршақтар сыйлайды.



-75%
Курсы повышения квалификации

Эстетическое воспитание школьников в соответствии с требованиями ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект музыкального занятия "Теңіз оқиғасы" (28.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт