Химия пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
. «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-делінген Қазақстан Республикасын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында.(2) Қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болу қажет. Біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы,озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық оқу стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудын жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,терезесін тең ететін -білім». Сондықтан,қазіргі даму кезеңібілім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған,толысқан шығармашыл тұлға құзіреті. Жаңа формация мұғалімі-табысы,біліктері арқылы қалыптасады,дамиды.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдірет-тіліктердің жоғары деңгеймен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Сондықтан бүгінгі күнгі еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет»дегендей оқыту процесін технологияландыру,осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау,ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіңсіз ізденісін анықтайды.
Химия пәнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызмет барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған
зерттеулердің нәтижелері, олардың танымдық қызығушылықтары:
-таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
-Өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
-оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді мәселені анықтау білігі ;
-игерілген білімді талдай білуі;
-өз іс-әрекетін бақыла, бағалау көрсеткіштерінде беріледі;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуде ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс-әрекетін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды.
Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі-оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, оның бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсене қатысып тартылады.
Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын ояту үшін, олардың танымдық белсенділігін танытуда оқушылардың, олардың жас және жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы белсенділігін, дербестігін, жеке ынтасы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасайтын және қосымша құралдарды іздестіру қажет.
Танымдық қызығушылық-тұлғаның қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарына іріктелген бағыттылығы. Бұл бағыттылық тануға, жаңалыққа, тереңірек және толық білуге деген ұмытылыспен сипатталады.Танымдық үдеріс жүйелі түрде нығая және дами отырып,балаға деген жағымды қарым-қатынасқа негіз болады.
Оқушыларда танымдық қызығушылығының болуы-олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға , оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың химияны оқу барысында танымдық іс-әрекеттерін арттыру үшін ойын элементтерін кеңінен пайдалануға болады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану сабақтың мақсатын түсіндіруге икемділік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Ғылыми теехникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы ой еңбегін және оқуыту үрдісін сапалы түрде жетілдіріп, күрделі проблеманы шешуді үздіксіз білім берудің жаңат түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерін тауып, оларды іс-тәжірибеге енгізу, оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйретуге талап етіп отыр.
Оқушының білімге құштарлығын оятып, белсенді ой-әрекетін жаттықтырып, алған білімді тереңдету мақсатында өз бетінше ізденуін қадағалай отырып, өздік жұмыс жасауға және стандартты емес есептерді шығара білуге баулу керек. Бүгінгі таңда еліміздің қай деңгейде болмасын оқушылар білімін тексерудің негізгі түрлерінің бірі тестілеу әдісі болып отыр.
Бұл әдістің біріншіден,оқушы білімін бағалауға мұғалімнің субьективтің көзқарасының әсері болмауын қамтамасыз етсе,екіншіден аз уақыт ішінде көлемді материалдар қамти отырып,білім деңгейін жылдам тексеріп шығуға мүмкіндік береді. Жалпы оқушы сабақтан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту үшін тек мектеп проблемасына сүйенбей, қосымша іздену жұмыстарымен айналысу керек.
Оқушының шығармашылық ізденіске баулу, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында сабақ барысында түрлі танымдық ойын түрлерін пайдалану және логикалық қызықты есептер шығарудың тиімділігі зор. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіргенде және бекіту кезіңде,қызықты есептерді талдау,логикалық есептерді шығару кезіңде слайд арқылы түсіндірілсе, оқушылар біріншіден, тыңдау арқылы, екіншіден, көру арқылы әсер алып, есте жақсы сақтайды. Оқушыларды оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Қызықты есептер-ойды, зейінді ұштайды.
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту-білім берудің басты мақсаты. Себебі, көп жағдайда оқушылар өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, білімді тәжірибеде, өмірде өз бетінше пайдалана білуге дағдыланбаған. Осы түйінді мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезіңде оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы олардың ынта-ықыласын,қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу қажет.
Оқыту үдерісінде оқушылардың алған білім мен дағдыларын тексеру және бағалау нәтижесінде тек оқушының білім деңгейін ғана анықтамай, сонымен қатар оқушының жіберген қателерін талдағанда, қолданылған әдіс-тәсілдеріне, берілген тапсырмаларға түзетулер енгіземін. Сонда оқушының өз бетінше білім алуға, жіберген қатесін өзі жоюға белсенділігі артады. Жіберілген қателерді ескертіп, оқушылар теориялық талдау жасап, оқулықпен жұмыс жасап, оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай түсуіне көмектесемін.Үйге орындауға берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне әр-түрлі деңгейде ұйымдастырып, жаттықтыру, бекіту, қайталау мақсатында өткізіледі.
Белгілі педагог Л.С.Выготский оқушының өз бетінше тапсырманы орындауына әзірлігінің дәрежесін атап көрсеткен болатын. Осылайша бұл әзірлікті екі кезеңге бөледі:оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, әрі қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады, бұл оқушының ақыл ойының дамуына көп көмек береді. Қазіргі білім беру үдерісіне жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту-барлық оқыту мен тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Кеңес педагогы П.П.Блонский: «Егер екі мұғалімнің пәндерінің білімдері, әдістемелері, тәсілдерді қолдануы бірдей болса, онда жақсы мұғалім мен нашар мұғалімнің айырмашылықтары неде?» деген сұраққа былай: «жақсы мұғалім үшін барлық оқушылар әр-түрлі, бірдейі жоқ, ал нашар мұғалім үшін барлық оқушылар бірдей» деп жауап береді. Мұғалімді тәрбиелей келе П.П.Блонский: «оқушының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін үйрету керек»,-дейді.
Химия сабақтарындағы танымдық қызығушылықты дамытуға ықпал ететін жағдайларды үш топқа бөлуге болады.
оқу материалының мазмұнымен тығыз байланысты. Оған мазмұнының жаңалығы, меңгерілген білімдерді жаңарту, хабарланатын материалға деген тарихи тәсіл жатады.
оқыту үдерісін ұйымдастыру. Мұнда өзіндік жұмыстын түрлі нысандарын, проблемалық оқытуды, зерделенетін материалдарға ізденушілік тәсіл, шығармашылық жұмыстарды жатқызуға болады.
оқушылары мен мұғалімдер арасында қалыптасатын қарым-қатынастармен анықталады, мұнда оқушылардың қабілеттері, мұғалімнің өз пәніне деген қызығушылығы, оның оқушыларға үнемі көмекке дайын тұруы. Олардың күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімін жатқызады.
Химия сабақтарында қызығушылықты арттыруға былайша қол жеткізуге болады. Оқу мазмұнын ғылым тарихи туралы материалдар және шешуі қиын, дәстүрлі емес химиялық есептер шығару мен байыту керек. Есептеп шығару, дәлелдеу, түрлендіру мен зерттеу әдістерінің кереметі мен қызықтылығын үнемі ерекшелеп отырған жөн. Сабақты таптаурын болған құрылымынан арылтып, әр сабаққа өзіндік сипат беретін элементтер қосу арқылы жаңаша құру, оқытудың техникалық құралдары, көрнекіліктерді, тапсырманың алуан түрін қолдану арқылы түрлендіру қажет.
Оқушылардың сабақтағы танымдық белсенділігін өзіндік және шығармашылық жұмыстардың алуан түрлерін пайдалану жолымен де арттыруға болады.
М.М.Мұқанов өзінің «жас және педагогикалық психология» еңбегінде мектепке тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берлетіні көрсетеді:
берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.
тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның мәтіні беріледі. Осы мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Шығармашылық, ауызша және қызықты тапсырмалар, проблемалық ситуациялар, өзіндік жұмыс, тарихи элементтер мен оқу материалдары дәстүрлі емес нысандардан тұратын сабақтарды ұйымдастырып, өткізу қорытындысымен мынадай тұжырым жасауға болады:
1) оқуды оқушы үшін тек қызықты ғана емес, сондай-ақ нәтижелі ету үшін мұғалімнің шығармашылық ойын оқытудың тиімді әдістерін, оқушылардың танымдық қызығушылығын артыру тәсілдері мен әдістерін іздестіруге бағыттаған жөн;
2) егер химияға деген қызығушылықты арттыру тәсілдері мен әдістерінің қалыптасқан жүйесін ұғымды қолданар болсақ, онда балаларда сабаққа деген ұмтылыс артып, химияның ең қызықты пәндерінің бірі екендігі деген түсінігі нығаяды. Осы тәсілдері мен әдістерді қолдану сабаққа өзгерістер енгізуімен қатар, балаларды жүйелі жұмыс істеуге үйретеді және өздерінің тарапынан белсенді іс-әрекетке деген үздіксіз талапты күту ахуалын қалыптастырады.
Ең маңыздысы, оқушы тұлғасының толымдылығын оны әлеуметтендіру үдерісі барысында адамның ішкі жағдайлары мен жеке бас табиғатымен қоса дамытуға жағдай жасау болып табылады. Оған тек мұғалімнің де, оқушының да шығармашылық ізденісінің нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Бұдан шығатын қорытынды: химия пәні болсын, басқа да пән болсын оқушыны шығармашылықпен оқыту қажет.