Меню
Разработки
Разработки  /  Завучу  /  Мероприятия  /  Прочее  /  "Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!"-атты мектеп бітіру кешінің сценарийі

"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!"-атты мектеп бітіру кешінің сценарийі

План мероприятия выпускной вечерь! Торжественный часть вечера. Для школ казахских языков.

22.01.2017

Содержимое разработки


«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп» КММ








«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Мектеп директорының Мектеп директоры

ТЖ орынбасары

______C.Саметова ______А.Аханова









«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» -атты мектеп бітіру кешіне арналған сценарий








Педагог-ұйымдастырушы Д.Асқанбаев













«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» -атты мектеп бітіру кешіне арналған сценарий


Өтетін күні: 17.06.2016ж.

Өтетін уақыты: 21.00

Өтетін жері: М.Мыңбайұлы атындағы ОМ


Фанфара беріледі.


1-жүргізуші: Армысыздар! құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!


(Музыка ойналады)


2-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы көшеде,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.


1-жүргізуші: Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде,

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.


2-жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақпен таныстырып өтейік.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Көкенова Жансая Тыныбекқызы
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз қатысып отыр.


2-жүргізуші:

Мектеп үшін жаралған жүрегіңіз,

Бүгін міне ұшқалы отыр түлегіңіз,

Ақ жол тілеп, сәт-сапар деп мерекеде,

Арналсын түлектерге тілегіңіз – дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Аханова Айгүл Әлменқызына беріледі.

Құттықтау сөз сөйлейді. Мадақтама беріледі.


1-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Төгілтіп әсем күймен ән салады.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда әнші қызымыз Мелісова Данагүлдің орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.


Ән орындалады.

2-жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз _______________________________________ беріледі.

1-жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келіп жетті.


2-жүргізуші:
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте - дей келе,

Жалпы орта білімді аяқтау туралы бұйрықты оқу және аттестат, ҰБТ сертификатын тапсыру үшін мектеп директорының орынбасары Аманбеков Бағдат Баймұратұлына

Салтанатты түрде аттестат тапсыру сәті.



11 сынып Ән.


1-жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда.


2-жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы: Жабеева Зауреш Зейнолдақызына беріледі.


1-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас - қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Кусбекова Кулайм Маликовнаға беріледі.


2-жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз.


Ән

1-жүргізуші:
Ата - ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыздар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата – аналарына беріледі.






2-жүргізуші:
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз - қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі ________________________беріледі.

1-жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді

2-жүргізуші:

Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.

1-жүргізуші:

Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!"-атты мектеп бітіру кешінің сценарийі (52.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт