Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Мероприятия  /  5 класс  /  Қазақ тілі пәнінен Жаяу Мұса Байжанұлының өлендері

Қазақ тілі пәнінен Жаяу Мұса Байжанұлының өлендері

Для подготовки к конкурсам, творчесту Жаяу Муса

07.11.2018

Содержимое разработки

Ақ сиса ( авт.Жаяу Мұса Байжанұлы )
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу, зорлық қылса
Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді,
Көрермін ақыр бір күн туса.
Мен айтсам, параңды айттым, тілім ұзын,
Кигенім үстімдегі бәрі қызыл. 
Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім.

***************

Ләйлім
Ақ көйлек, асыл бешпент белін қысқан,
Бір қыздың даусы шықты Күншығыстан.
Қоян жон, құмырсқа бел қарағым-ай,
Жігіттің арманы жоқ сені құшқан!

Ұлытау

Туған жерім Баянауыл,
Кейде тынық, кейде дауыл.
Ұлытаудың қойнауында
Мекен еткен біздің ауыл.
Артта қалды Баян тауым,
Жер аудартты ата жауым.
Қанша қысым көрсетсе де,
Өмір бойы бітпес дауым.

Қабыр басында

Жатырмысың, ей, Сапар,
Топырақпен барабар.
Қара шымды жамылып,
Қалғаныңба, қайран жар!!
Қазір келдім басыңа,
Жалғыз Садық қасымда
Топырақ астында қалыпсың
Отыз жеті жасыңда.
Қалдым көрмей жүзіңді, 
Естімей қалдым сөзіңді.
Жеткізбей хабар бір адам,
Жеткізе алмадым өзімді.
Сұрақсыз кешу ол менен,
Топырақ көрдім мен сенен.
Қауіпті болса мен кештім,
Көрмеген соң мен зиян.
Есілде қалдың топырақ,
Мінгізгей Тәңірім ол пырақ 
Жарым Сапар, қош енді,
Тұрмайсың мың жыл тұрсам да.

Сәулем қыздар
Барады үркер ауып жазға таман, Жүгірдім мылтық алып қазға таман.
Буылып қол-аяғым жатсам дағы, Домалап бара жатам қызға таман.
Қаршыға қыран болса, тырна алады,
Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады.
Құрбылар, жастығыңда ойна да күл,
Қызықтан ойнамаған құр қалады.
Бұлт басып айдың көзін торлады ма,
Әй, сәулем, көңілдегі болмады ма
Әркімнің ықтияры өзіңде ғой,
Сүймесең, сені біреу зорлады ма






Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын,
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.
Бұзауын ауылымның қырып салдың.
Көрерсің не болғанын істің артын.
Мақтанба басыңызда бағыңызда,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Сізге де сорлы болу қиын емес
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.


Сұрша қыз

Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда,
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.
Боларсың сенде мендей, маған күлсең,
Ханзада, жауыздардан зорлық көрсең.
Есіңнен, күлмек түгіл, айырыларсың,
Айырылып ел- жұртыңнан, қаңғып жүрсең.
Үйімнен ала жаздай шай таппадым,
Орнығып,шіркін көңіл ,жай таппадың,
Мұсаның ол заһарын көрген шақта,
Жыландай қара шұбар қайқақтадым.
Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,
Арада күн-күн жүріп тынбай бардым.
Княздың мен бұйрығын әкелсемде,
Пәлеге ашылмастай тағы қалдым.
Мұсамен бастық ояз бірге отырды,
Жүрегім мұны көріп тағы тұрды.
Жұмыстың оңалмасы бұл емеспе,
Екеуі тізе қосып жауап сұрды.
Қорықпай жауап бердім менде сонда.
Қашуға дәрмені жоқ жаяу сорлы.
Әй, Мұса, өлімісің, тірімісің,
Не болды Жамақанның, көремісің!
Несібең елден алар тоқтаған соң,
Бүйтіп жег.ен параңа тісің сынсын.
Сасай азбан бұл күнде болып тұрсың,
Баяғы дуанбастық жоқ қой күшің.
Жазығым не, мырзеке, менің қылған,
Соңыма мұнша түстің параң үшін.
Шаршар күнің болды ғой, жасың жетті.
Менде бала емеспін, шықты тісім.

-75%
Курсы повышения квалификации

Использование Case-Study учителем русского языка и литературы

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
750 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі пәнінен Жаяу Мұса Байжанұлының өлендері (18.1 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт