Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі | № 26 мектеп | ||
Сабақ: Құстар. | |||
Күні: 17.06 .2016 жыл |
| Мұғалімнің аты – жөні: Нургалиева Надежда Михайловна | |
Сынып 3 | Қатысқандар:14 | Қатыспағандар: | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Әңгіме және мақал мәтелдерді ажырату,әңгімелеу/сипаттау мәтінін анықтау. | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Әңгімемен және мақал-мәтелмен жұмыс жасай алады, сөз тіркесі мен сөздердің мағынасын түсінеді, мазмұнын жаза алады. | ||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қысқа, қарапайым әңгімемен және мақал-мәтелмен жұмыс істей алады, таныс емес сөздерді таба алады, сұраққа жауап бере алады, таныс тақырыптар бойынша әңгімелей алады. | |||
Кейбір оқушылар орындай алады: Негізгі ақпаратты анықтай алады, өз ойын айтады | |||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Мәтінге сәйкес тапсырмаларды орындайды | ||
Пәндік сөздік қор мен терминдер: Тоқылдақ — дятел Бұлбұл — соловей Қараторғай — скворец Тырна — журавль Сауысқан — сорока Қырғауыл — фазан Құр — глухарь Қарлығаш — ласточка Торғай – воробей тор - клетка
| |||
Талқылауға арналған сұрақтар. Қазір қай жыл мезгілі? Көктемде не ұшып келеді? Олар қай жақтан ұшып келеді?
| |||
Пәнаралық байланыс | Дүние тану | ||
Алдыңғы оқу:
| Балалар, бүгін біз сендермен «Куб» сұрақтарына жауап береміз. Қай жағымен түскен кезде қандай сұрақ тұрса, сол сұрақты қолдана отырып, өткен тақырып бойынша сұрақ құрастырып жауап беру. Тақырып «Көшет отырғызу» мысалы: қалай? деген сұрақ түссе, олар мынандай сұрақ құрастыру керек: Көшетті қалай отырғызу керек?
| ||
Жоспар | |||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Басы | Балалар сыныпқа кірген кезде, менің қолымда қорапқа салынған құстардың суреті болады. Оқушылар өздері ұнаған суреттерін алады. Әр сурет бойынша оқушыларды топқа бөлеміз. Балалар барлығымыз ыңғайлы отырайық, көзімізді жауып бір мезет сендермен ойша саяхат жасаймыз. Қазір мен әуенді қосамын, содан кейін әуен тоқтағаннан кейін бір сұрақ қоямын. Сендер сол сұраққа жауап беру үшін бүкіл зейіндерін сол әуенде болсын. ( әуен қосылады). Сонымен сендер өздерінді қай жерде деп ойладыңдар? Әуенде ненің дауысын естідіңдер? Яғни ,бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай екен? Қалай ойлайсыңдар? Осы тақырып бойынша біз қандай жұмыс жасаймыз? Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгін біз сендермен оқимыз, сипаттаймыз, анықтаймыз. (Өткен тақырыпты қайталау) Балалар, бүгін біз сендермен «Куб» сұрақтарына жауап береміз. Қай жағымен түскен кезде қандай сұрақ тұрса, сол сұрақты қолдана отырып, өткен тақырып бойынша сұрақ құрастырып жауап беру. Тақырып «Көшет отырғызу» мысалы: қалай? деген сұрақ түссе, олар мынандай сұрақ құрастыру керек: Көшетті қалай отырғызу керек? Дарынды оқушыға жекелей тапсырма беріледі. (құстар туралы негізгі идеясын түсініп, өз көзқарасын айтады.)
| Қорапқа салынған құстардың суреті
Әуен «Құстардың дауысы»
| |
| |||
Ортасы
Сергіту сәті
Соңы
Қосымша ақпарат бағалау
Үйге тапсырма 2 минут
кері байланыс
| Мәтінмен жұмыс Мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Топ арасында оқу. Таныс емес сөздерді табады. «Көршінді шақыр» ойыны арқылы (мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді тауып, сөз тіркесін, сөйлем құрастырады, мағынасын түсіндіреді) сұрақ құрастыру арқылы жеке жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді. «555» әдісі бойынша ең алдымен толық оқиды, түсінгеннен кейін маңызды 5 сөйлем таңдайды. Әр сөйлемнен бір маңызды сөз алынады. Сөйтіп бес сөз қалады. Жексенбі күні біз хайуанаттар бағына бардық. Онда біз әр түрлі құстарды көрдік. Тоқылдақ, бұлбұл қараторғай , тырна, сауысқан, қырғауыл, құр,қарлығаш, торғай – бәрі торда отыр. Олар әдемі құстар. Біз олар туралы табиғаттану сабағында оқыдық. Маған құстар ұнайды. «Көкек келді дегенше,көктем келді десейші» дейді адамдар. Мәтіннің ішінде мақал- мәтел бар ма? Балалар біз сендермен қазір дара диаграммасын толтырайық. Кәне, кім айтады? Осы сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Оқушының жауабы: не? Деген сұрағы Балалар Антон дұрыс сұрақ қойды ма? Оқушының жауабы: иә, дұрыс. Себебі қазақ тілінде кім ? деген сұраққа тек қана адамға қатысты сөздер жауап береді. «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді дара диаграммасына жазыңдар. Аудио «Көніді күн» Дара диаграммасы (топпен жұмыс)
Балалар біз сендермен қазақ тілінде неше жалғауды өттік? Оқушының жауабы: қазақ тілінде 4 жалғау бар. Олар: көптік жалғау, жіктік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау. Өте жақсы. құстар сөзін тәуелдеңдер. (топпен жұмыс) дарынды оқушы өз көзқарасын айтқысы келіп отыр. Кәне, тыңдайықшы.
(Бағалау. Блум таксономиясы) «3» мәтінді түсінеді, таныс емес сөздерді таба алады, мәтінмен жұмыс істей алады. «4» мәтінді түсінеді, таныс емес сөздерді таба алады, мәтінмен жұмыс істей алады, сұраққа жауап бере алады, мәтіннің идеясын түсінеді. «5» мәтінмен жұмыс істей алады, мәтіннің негізгі идеясын түсінеді, өз көзқарасын айта алады.
«Құстар» тақырыбына әңгіме құрасың. «Дана ағашы» оқушылар осы ағашқа өздерінің сабақ барысында қаншалықты білгені туралы көрсетеді. Ең жоғарғы жағына түсінгендері туралы, ортасына жартылай түсінгшені, төменгі жағына түсінбегендері құстарды іледі. | Мәтінмен жұмыс Мәтінді таратып беру.
Сұрақтар шеңбері Стратегиясы
«555» әдісі
құстар
Балаларға күнделікке жазып алады.
Балалар кері байланыс береді
| |
Рефлексия | Оз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдалыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті ,қандай деңгейде өтті
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс еңгіздім және неге? | Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды
Оқушылар құстар туралы білімдерін кеңейтті, құстардың атауларымен танысты.
Менің ойымша сабақ әдістемелік нұсқаумен жоспарланған ,бағдарлама сәйкес, оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген , оқушылардың білім деңгейлеріне сай жоспарланған
Менің ойымша жоспарланған тапсырмалар сәйкес болды, жүзеге асты.
Уақытты тиімді пайдаландым.
Жоспарыма ешқандай өзгеріс еңгізген жоқпын себебі оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкестендіріліп жасалған
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементіне қауіпсіздік |
Мадақтау арқылы
| Блум таксономиясы арқылы, өзін-өзі бағалау, бір –бірін бағалау | Дүниетану, |
Жекелей тапсырма беру( кесте, сурет (видео , аудио), арқылы, постер жасау, диаграмма беру,
|
|
|