Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Планирование  /  11 класс  /  «қазақстанның қызмет көрсету саласының даму ерекшеліктері»

«қазақстанның қызмет көрсету саласының даму ерекшеліктері»

Қазақстанның қызмет көрсету саласының даму ерекшеліктері қарасытырылған

23.06.2017

Содержимое разработки

Аты-жөні .................................................................................................. сынып 10 «.......» күні .........................

Тақырып: «Қазақстанның қызмет көрсету саласының даму ерекшеліктері»

Оқу мақсаттары: Қазақстандағы қызметтер саласының даму ерекшеліктерін сипаттай білу.

*Тапсырма 1. Мәтінмен танысыңыз. Әр тақырыпты жеке оқып, жұппен талқылаңыз. Әр саланың маңыздылығын атаңыз.

Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді». Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғи қор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (ғылымды көп қажет ету факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор). Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.           

Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынады. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бір бірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында. Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяк киім және тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірек ақша жүмсайды. Сауданың негізгі бөлігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда «сөресі» болып табылады. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.

Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.

Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медидиналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына аудандық поликлиникалар, шағын фельдшерлік пункттер қызмет керсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан.

Кесте 1. Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігерлер саны, 2012 жылғы есеп бойынша

Барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер саны


62,6 мың


Орташа алғанда әрбір 10 000 тұрғынға

37,6 дәрігер

Орта буын медицина қызметкерлерінің саны


159 мың

80,1 медицина қызметкері.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Балабақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн-нан астам адам білім алуда. Еліміздің тұрғындарының 1/3 оқу партасында деп есептеуге болады. Бұл «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы» - мектеп оқушылары, сендер 3 млн- нан асасыңдар.

Мектептік білім беру географиясы  Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың  үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру - «нағыз калалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оку орындарының 66-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады.

Кесте 2. Республикадағы білім беру орындарынң көрсеткіштер, 2011 жылғы есеп.

Мектепке дейінгі тәрбие орындары

Жалпы білім беретін мектептер

Кәсіптік техникалық білім беру орындары

Жоғары білім беру орындары

Жалпы саны

1550

7775, оның 7638-і мемлекеттік

866

180, оның 55-і жекеменшік.

Балалар саны

Оқушылар саны

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Студенттер саны

233,5 мың

2861,6 мың

276,5 мың

610,5 мың

633,0 мың, студентткр саны 20%-ға азайған


Халықтың  демалысын ұйымдастыру

Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -

адамдардың өздерінің  қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық- курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде (окудың да!) жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді. 

Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік келік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. 1990 жылдардын, басында иесіз қалған демалыс базаларының кебі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонак үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды. Рекреациялық  қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихиқорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бөрі Отанымыздың мәдени мурасын құрайды.

Рекреациялық корлардың  құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік  курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылужағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар - рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай. Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, өлі толық зерттеліп біткен жоқ.

Нарықтық (экономикалық) инфрақұрылым-нарықтың қалыпты жұмысын және дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономика бірліктерінін жиынтығы. Ол келесі элементтерден тұрады.

1.Сауда ұйымдары. Бұл ұйымдар материалды тауар өндірмейді. Олардың баста қызметі-сауданы дайын өніммен қамтамасыз ету.

2.Биржа саудасы. Биржа дегеніміз үлкен мөлшердегі тауар мен валютаны саудалау жүзеге асыратын ұйымдасқан үздіксіз жұмыс істейтін жүйе.

3.Банк жүйелері.  Бұл нарықтық экономика субъектілері арасындағы ақшалай айналымды жүзеге асыратын ұйымдар жиынтығы.

4. Банктық емес ұйымдар. Бұл қаржымен жұмыс істейтін бірақ банк статусы жоқ ұйымдар. Мысалы, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар, несие одақтары.

5. Көлік жүйесі –нарықтың ең басты инфрақұрылымы.ол қалыпты тауар қозғалысын қамтамасыз етеді-жылдамдық және тиімділік. Өндірістік саланың қызметі, ресурстар мен дайын тауарды жеткізу соған байланысты.

*Тапсырма 2. Қазақстанның рекреациялық ресурстары.

а.Кескін картаға Қазақстанның туристік нысандарын белгілеңіз.

b.Таңдау бойынша екі нысанға сипаттама беріңіз.

c.Қазақстанда болашақта туризмнің дамуына болжам жасаңыз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ .................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... ...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................




-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«қазақстанның қызмет көрсету саласының даму ерекшеліктері» (44.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт