Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қатынас/Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қысқы киімдер

Қатынас/Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қысқы киімдер

Білім беру саласы : ?атынас

Б?лімі: С?йлеуді дамыту

Саба?ты? та?ырыбы: ?ыс?ы киімдер. Саба?ты? ма?саты: Балалар?а киім, киім т?рлері, ?ыс?ы киімдер туралы т?сінік беру. ?ыс?ы киімдерді ажырата білуге ?йрету. Ойын ойнау ар?ылы ойлау ?абілеттерін дамыту. С?йлем ??рату ар?ылы с?здік ?орларын молайту. Киімді ??ыпты, таза киюге т?рбиелеу. К?рнекілігі: Д?кенні? макеті, т?рлі киімдерді? суреттері, ?уырша?, санды?. О?у - іс ?рекетіні? барысы: І. Кіріспе б?лім. Балалар жылулы? ше?беріне т?рып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. С?ра?тар?а жауап алу: - ?азір жылды? ?ай мезгілі? ?ыста таби?атта ?андай ?згерістер болады? ?ыс мезгілінде ?алай киінеміз? (Балалар толы? жауап береді). - Бізді? саба??а ?она??а ?уырша? Айн?р келіп отыр. Ол жай келген жо?. Санды?ы толы киімдермен келіпті. Сендер м??ият ?ара?даршы, Айн?р ?стіне ?андай киімдер киіпті? - ?алы? киім киген. - Киімді ?ай мезгілге сай киген? - ?ыс мезгіліне сай киіпті. - Олай болса, балалар, б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы – ?ыс?ы киімдер. ІІ. Негізгі б?лім. а) - Балалар, Айн?р сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересі?дер. Мысалы, мала?ай - ??ла?ы бар жылы баскиім, ??ла?шын. (Сурет ал?ан балалар осылайша с?йлем ??рап айтады). ?) С?здік ж?мысын ж?ргізу. Пима - ж?ннен басыл?ан ?ыс?ы ая?киім. Тон – иленген ?ой терісінен ж?нін ішіне ?аратып тіккен жылы сырт киім. Ішік – іш жа?ы а?ны? терісінен тігіліп, сыртын матамен тыста?ан жылы сырт киім. Байпа? – етікті? ішінен киетін, ж??алау етіп басыл?ан ?онышты киіз ш?лы?. б) Сергіту с?ті: То?са бізді? ?олымыз, ?ол?апты киіп аламыз. Сарт - сарт – сарт, Шапала?ты со?амыз. То?са бізді? ая?ымыз, Етікті киіп аламыз. Топ – топ – топ, Топылдатып билейміз. в) «Д?кенде» сюжетті - р?лді ойыны. Ойынны? шарты: д?кен с?релерінде ?ыс?ы киімдер: тон, пима, ?ол?ап, к?рте, т?р. ?ыс?ы киім іздеген бала д?кенге келіп, сатушымен ?депті т?рде амандасып, с?релерден ?зіне ?ажетті киімді та?дайды. Ол та?да?ан киімін алып, сол киімге байланысты с?йлем ??рау керек. Д?кеншіні? осы тапсырмасын орында?ан кезде ?ана киімді ала алады. Мысалы: ?ыста ?алы? тон киеміз. тон, пима, ?ол?ап, к?рте, телпек г) «Балалар?а арнал?ан киім д?кені» та?ырыбында мазм?нды сурет бойынша ??гіме ??растыру. д) ?. А?ыпбек?лыны? «Мені? киімдерім» атты санама?ын жаттату. «1» дегенім – б?рік, Кисе? бой?а к?рік. «2» дегенім – етік, Киер с?нді етіп. «3» дегенім – ішік, Теріден тігер пішіп. «4» дегенім – тыма? ?ыста кисе? жылы - а?. «5» дегенім – байпа?, Іші жылы тайпа?. ІІІ. О?у іс - ?рекетін ?орытындылау. а) С?ра?тар?а жауап алу. ?) «Не арты??» дидактикалы? ойыны. - Бір ?атарда т?р?ан киімдерді? ішіндегі ?айсысы арты?? - Туфли арты?. ?йткені туфлиді к?з, к?ктем, мезгілдерінде ?ана киеміз. б) – Б?гінгі саба?та ?ыс?ы киімдер туралы ??гімеледік. Оларды бас?а киімдерден ажырата білетін болды?. Киімді ?р жерге ла?тырмай, кір ?ылмай таза ?стау ?здері?е байланысты. Киімді к?тіп таза ?стап ж?рейік!

22.01.2017

Содержимое разработки

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.

Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сұрақтарға жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде қалай киінеміз? (Балалар толық жауап береді).
- Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айнұр келіп отыр. Ол жай келген жоқ. Сандығы толы киімдермен келіпті.

Сендер мұқият қараңдаршы, Айнұр үстіне қандай киімдер киіпті?
- Қалың киім киген.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киіпті.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қысқы киімдер.

ІІ. Негізгі бөлім.
а) - Балалар, Айнұр сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересіңдер. Мысалы, малақай - құлағы бар жылы баскиім, құлақшын. (Сурет алған балалар осылайша сөйлем құрап айтады).

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима - жүннен басылған қысқы аяқкиім.
Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік – іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық.

б) Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.

в) «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы: Қыста қалың тон киеміз.

тон, пима, қолғап, күрте, телпек
г) «Балаларға арналған киім дүкені» тақырыбында мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
д) Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
«1» дегенім – бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2» дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
«3» дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
«4» дегенім – тымақ
Қыста кисең жылы - ақ.
«5» дегенім – байпақ,
Іші жылы тайпақ.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) Сұрақтарға жауап алу.
ә) «Не артық?» дидактикалық ойыны.
- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
- Туфли артық. Өйткені туфлиді күз, көктем, мезгілдерінде ғана киеміз.
б) – Бүгінгі сабақта қысқы киімдер туралы әңгімеледік. Оларды басқа киімдерден ажырата білетін болдық. Киімді әр жерге лақтырмай, кір қылмай таза ұстау өздеріңе байланысты. Киімді күтіп таза ұстап жүрейік!













































-75%
Курсы повышения квалификации

Развитие речи детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС ДО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қатынас/Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қысқы киімдер (14.55 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт