Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  10 класс  /  : Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясы

: Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясы

«Т?рік», «?а?анат» атауларына т?сінік беру, Т?рік ?а?анды?ыны? ко?амды? ??рылысыны? ерекшелігін ашып к?рсету ж?не саяси тарихы мен шаруашылы? жа?дайы туралы т?сінік беру. Т?ркі д?уіріні? тарихы мен м?дениетін ?азіргі ?аза?стан тарихы мен м?дениетімен байланыстырып, о?ушыларды? тарихи ойлап, ?орытынды шы?ара білу ?абілеттерін, ой-?рісін дамыту. ?аза?тарды? ар?ы ата-бабалары т?ріктерді? жан- жа?ты даму тарихын о?ыта отырып, о?ушыларды отаншылды??а, адамгершілікке т?рбиелеу

13.03.2017

Содержимое разработки

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық

идеясы

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық

құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы

түсінік беру.
• Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен

мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу

қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
• Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің жан-жақты даму тарихын оқыта

отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: 1.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.
                   2.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
                                 II. Үй тапсырмасы.
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?

2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.

3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?

5. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?

6.Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясы
1. «Түрік» атауы.
2. Түріктердің көршілерімен саяси карым-қатынасы. Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз деп,  Картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталу.

Ирандықтар Тунгус-манчьжурлар

Түркілер




Тохар тайпалары Қытайлықтар


3. Қағандықтың құрылуы. (империяның кең байтақ жерді-шығыста Хинган тауынан батыста Қара теңізге дейін ), Қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.

Маңызды даталар: Болған оқиғалар

  • Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.

  • 542 жыл Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.

  • ҮІ ғасырларда Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.

  • VI ғ-дың ортасына дейін түріктердің жужандарға бағынышты болуы.

  • 551-555 жылдар Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.

  • 551-744 жылдар Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.

  • 551 жыл Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.

  • 552-553 жылдар Қара еске кағанның билік етуі.

  • 553-572 жылдар Мұқан қағанның билік еткен жылдары.

  • VІ-VІІ ғасырларда Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.

  • VII ғасырдың басында Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державаларының колында болуы

  • 714-715 жылдар Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы

4. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясы

«Мәңгілік  Ел»  идеясы және көне тарих. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің та­мыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп қадап айтты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ете­тін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға же­телейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы», – деген едi. Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітіктаста түркі еліне жария етілген.

Көне тарихтан бастау ал­ған ұлттық идеямыз қазірде тарихи са­бақ­тастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры»!
5. Түрік қағандары.
6. Қағандық халқының кәсібі.
7. Түріктердің рухани мәдениеті. ) Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді.
1. Енисей есерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштеріне: Енисей өзені, Тува респу Алтай, Хакас облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10-15 жолдар, кішілері 1-2-3 жолдардан тұрады. Енисей ескерткіштері Ү-ҮІІ ғасырды қамтиды.
Талас жазу ескерткіштеріне Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш жатады. Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой деген жерден (қазіргі Жамбыл облысы) 1896 ж. Әулие Ата уезінің бастығы Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тапқан. Зерттеушілердің пікірінше Талас ескерткіштері ҮІІІ ғ. қамтиды.
Орхон ескерткіштеріне ҮІ ғ. аяғы мен ҮІІІ ғ. басындағы Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чор, Күллі Чор, Суджы ескерткіштері жатады.
«Онгин» ескерткіші 1891 ж. Монғолиядағы Онгин өзені бойынан Ядринцев тапқан. Бұл ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түркі қағанатын қайтадан қалпына келтірген Елтеріс қаған мен оның әйелі Елбіге т әйелі Елбіге туралы әңгімеленеді. Құтлығ Күлтегін мен Білгенің әкесі.
«Білге қаған» (683-734) ескерткіші 1889 ж. Монғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цэу монастырының жанынан Ядринцев тапқан. Білге қаған Қапаған қаған қайтыс болған соң таққа отырған Құтлығ қағанның үлкен ұлы. Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы Иоллығ Тегін делінеді.
«Тоныкөк» ескерткішін 1897ж. Селенгі өзені бойынан Д.Клеменц тапқан. Тоныкөк- үш қағанның , 692 жылы қайтыс болған Құтлығтың, 716 жылы қайтыс болған Қапағанның және 734 жылы қайтыс болған Білгенің әскери кеңесшісі болған. Ол табғаш елінде оқып, тәлім-тәрбие, әскери білім алған. Ескерткіштегі жазуды жазған Тоныкөк. Әйтсе де жыр жазылу стилі, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан «Күлтегінге» ұқсас. «Күлтегін» жырында негізгі нәрсе – Күлтегіннің ерлігі болса, «Тоныкөк» жырында автор сол шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеткендігін көрсетеді. Жырдың басты қаһарманы түркіелінің дана қарты Тоныкөк. Сондықтан жырда уағыз - өсиет, нақыл сөздер көп

  • .
    VІ-ХІІ ғасырдың ортасында Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.
    Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсету. Окушылардың эстетикалық дамуын назарда қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылык, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
    ҮІ. Бекіту сұрақтары:
    1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?
    2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
    3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?
    4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?
    5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
    6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?
    7.  Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?
    8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?
    9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?
    10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты? 
    Ү. Бағалау:
    ҮІ.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.



-75%
Курсы повышения квалификации

Теоретические аспекты и методика преподавания курса «История российского государства и права»

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
: Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты. «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриоттық идеясы (19.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт