Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  6 класс  /  "Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары" (баяндама)

"Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары" (баяндама)

«Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кет кен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді.
16.02.2020

Содержимое разработки

Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Бала барлық үлгі-өнегені өзі шықққан отбасы мен ата-анасынан алады.Оның азаматтық келбеті, мінез-құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады.Аяғын апыл-тапыл басқан сәби алғашқы қылықтарын ата-анасынан, аға-апаларынан көрген, үйренген үлгі бойынша жасайды.Не көрсе соны үйренуге, не естісе , соны айтуға тырысады.

Сондықтан да баланың алдында ата-ана үлкен жауапкершілік сезну керек.

Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы туралы атақты педагог В.А Сухомлинский ьылай дейді: «Біз өз балаларымыздың құлағына нені сіңіріп, нені үйреткенімізден гөрі, өзіміз кім,біз қандай ой-ниеттеміз, сезім-түйсіктеріміз,тілектеріміз не,өзіміз үшін нені нені жақсылық,нені жамандық деп түсінеміз-міне осылар арқылы балаларымызды көбірек тәрбиелеиміз». Сіздер өз балаларыңызды өздеріңіздің әр қадамдарыңызбен, әр қылықтарыңызбен тәрбиелейсіздер ;ол-ол ма, тіпті өзіңіз үйдежоқта да тәлім бересіз.Егер сенің балаларыңды жамандаса,демек сенің өзіңді де жамандағаны.

Анаң мен әкең мейрімсіз,қатыгез долсаң, өзіңнің балаларың да сондай болмақ.Балаларыңа сенің беруге тиісті ең қымбат және өте қиынға түсетін бақыт – бұл адамдар үшін еңбек ету бақыты.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі –барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процес.Еңбек адамды мақсатқа, бақытты өмір сүруіне себебші болады.Сондықтан еңбек тәрбиесі-жанұя бақытының негізі.

А.С Макаренко: «адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе-жанұядағы еңбек тәрбиесі.»,-дейді.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс,өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады».дейді.

В.А Сухомлинский «Еңбек адамның екінші анасы дейді»-халық.

Әрбір ата-ана баласының тәртіпті, кішпейіл, еңбекке бейім боп өсуіне сәби жасынан ықпал етуі керек.Балаға жүктелетін жұмыс олардың шамасына лайықты болуы керек. Баланы 4-5 жасынан үй шаруасына көмектесуге үйреткен жөн. Мысалы ер балаларға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаларға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй жинау жұмыстарын тапсыру керек.Баланың тапсырлған жұмысты орындау кезіндегі сәтсіздігі үшін оған ұрсып , жігерін жастыуға болмайды, сол бала басқа бір жұмсты ұқыпты,ынталы орындауы мүмкін.Сондықтан жұмысты ата-ана әр баланың шамасына, икеміне лайықтап тапсыруы керек.Бұл жерде ата-ана жазалау, мадақтау сияқты тәрбие тәсілдерін орынды да, әділ және кішпейілділікпен қолдануы қажет.

Жанұядағы еңбек тәрбиесі- баланың мінез-құлықының қалыптасыуына себепші болаты негізгі фактор.Жақсы ұйымдастырлған, қолдауын тапқан, нәтижелі еңбек, баланы қуантып, оның сенімін арттырады, адамгершілік сезімін дамытады.

Еңбек баланың ата-анаға, ата-ананың балаға сүйіспеншілігін нығайта түседі. Сүйіспеншілік- адамгершіліктің алдынғы нышаны. Адамгершілік туа бітпейді, ол тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.

Ұлы жазушы А.П Чехов: «адам барлық жағынан да сұлу болуы керек»-дейді. Жанұяда ата-ана баланың таза киініп, таза жүріуімен қатар оның әдепті болуын талап етеді.Әдептілік эстетиканың негізгі бір саласы.Эстетикалық тәрбие жанұяда баланың әсемдік түсіну қабілетін дамытудан басталады.

Баланың асыға күтетін қуаныштарының бірі-мектеп табалдырығын аттау, оқушы болу.Осы орайда ата-аналар алдында тұратын міндет те үлкен.Баланы мектепке оқушы болуға дайындау қажет.Ата-аналар ерте бастан баласына адамды оқуға, жазуға, дүние тануға үйрететін, ел ардақтайтын азамат болуға тәрбиелейтін мектеп екендігін айта бергені жөн.

Кейбір ата-ана өз жұмыстарымен болып, баласының бос уақытта немен шұғылданатынымен, достарының кім екенімен шаруасы болмайды, көпшілігі бұл мұғалімнің жұмысы деп есептейді. Әрбір ата-ана мұғаліммен тығызбайланыста болғаны жөн, онсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ата-ана мен мұғалім бірлесіп жұмыс істегенде ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығынан сіңіруге болады.

Мұғалім сыныбындағы әр баланың мінез-құлқындағы ерешеліктерді, оны не қызықтыратынын, немен шұғылданғысы келетінін туралы өте жақсы біледі. Кейде өз баласының бойындағы осындай ерекшк қасиеттерді ата-ана дер кезінде байқамауы мүмкін, сондықтан ата-ана мұғалімнен баласының жағдайын жиі біліп тұруы керек. Баланы жақсы көру –барлық ата-анаға тән қасиет.Алайда тек жақсы көру балаға жақсы тәрбие бергендік болып есептелмейді.Ата-нананың ең ардақты міндеті-бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі, шаршамай, ерінбей бақылап жақсылыққа жөн сілтеу.

Балалардың үлкендерден көшіретінін ұмытпайық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осыдан қалған. Бала –біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызымет етсін десек, халқына адал, бақытты болып, өмірде өз орнын табыуын естен шығармай, үнемі көіл бөліп отыру қажет-ақ.













-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары" (баяндама) (33.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт