Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  8 класс  /  Екінші дәрежелі теңсіздіктер жүйесін шешу( есептер шығару)

Екінші дәрежелі теңсіздіктер жүйесін шешу( есептер шығару)

А?т?бе облысы шал?ар ?аласы

№2 мектеп-гимназияны?

математика п?ніні? м??алімі

23.04.2017

Содержимое разработки

2 мектеп- гимназиясы
















Ашық сабақ


Тақырыбы: Есептер шығару






Пән мұғалімі: Арзығұл А.

Сыныбы: 8«ә»



















2015- 2016 оқу жылы


Күні: 17.02.16 ж

Сынып: 8 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Екінші дәрежелі теңсіздіктер жүйесін шешу( есептер шығару)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана қаласына саяхатқа барып, көрікті жерлерімен танысу. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, есептер шығарудағдысын, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: саяхат сабағы

Жұмыс түрі: топпен жұмыс

Әдістері: әңгімелесу, аудару, сұрақ-жауап, талдау, аудару, ізденіс, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ынталандыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

-Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қай жыл мезгілі?

-Сыныпта кім жоқ?

2) Оқушыларды топқа бөлу.

І топ. «Парабола»

ІІ топ. «Интервал»

ІІІ топ. «Теңсіздік»

3) Психологиялық дайындық (видео көрсету).

4) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

-Бүгінгі сабағымызда Астанаға қаласына саяхат жасаймыз және теңсіздіктерді шешуге байланысты есептер шығаратын боламыз.

Сабақтың барысы:

Саяхат картасы:

1-аялдама. «Вокзал»

2-аялдама. «Хан шатыр»

3-аялдама. «Ақ Орда»

4-аялдама. «Пирамида»

5-аялдама. «Думан»

6-аялдама. «Бәйтерек»

5)Үй тапсырмасы:
II.Танымдық және жинақтау кезеңі.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
-Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.
1 - аялдама. «Вокзал» «Математикалық лото»

1) Квадрат теңсіздік дегеніміз не?

2) квадрат теңсіздіктерді шешу әдістері?

3) квадраттық функцияның графигіі?

4) мәндес теңсіздіктер дегеніміз не?

5) теңсіздіктерді шешу дегеніміз не?

6) Егер параболаның тармағы төмен қарайды?

7) теңсіздігінің шешімі?

8)атеңсіздігінің шешімі?

9) Егер теңсіздік таңбасы қатаң болғанда......?

2 - аялдама. «Хан шатыр»
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.

« Артығын тап!»       

  1. х-5

3 - аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

Ендеше Ақорданың есептерін шешейік:

І топ. (х- 1) (х + 4)

ІІ топ. (х+2) (х-3)

ІІІ топ. (х -4) (х+3)

4 - аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Мұғалім сөзі:
-Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!

Олай болса пирамида бізге есептер беріпті және ол есептерді парабола әдісі арқылы шешіңдер дейді.

І топ. -2х2-5х + 3

ІІ топ. -5х2 – 2х -3

ІІІ топ. 2х2- х + 6

Сергіту сәті.

5 - аялдама «Думан»
«Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
-Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.

Тапсырма. Келесі есеп теңсіздіктер жүйесіне беріліпті.

І топ.

ІІ топ.

ІІІ топ.

6 - аялдама «Бәйтерек»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
-Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Бәйтерек» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
« Синкуин» әдісі бойынша бүгінгі сабағымыздыы қорытындылайық:

Не? Квадрат теңсіздік

Анықтама: түріндегі теңсіздіктер деп аталады.

Не істеледі? Нөлдері табылып, шешімдері жақшалармен жазылады.

Қандай? Квадрат, екінші дәрежелі теңдеу

Синоним: Квадрат үшмүше, квадраттық функция

III.Рефлексиялық бағалау кезеңі.

1.Рефлексия. Қорытындылау

- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.

-Астана туралы не білдік?

- Ендеше оқушылар бүгінбілдім мен үшін керек нәрсені көп үйрендім дегендеріңіз өздеріңізбен алып жүретін чемоданга саламыз, ал керек емес нәрселер көп болды десеңіздер қоқыс шелегіне саламыз, ал әліде үйренуім керек дегендеріңіз еттартқыш саламыз.


2.Үй тапсырмасын беру: №561(3,4,6)

3.Бағалау. машина, ұшақ, пойыз.












-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Екінші дәрежелі теңсіздіктер жүйесін шешу( есептер шығару) (23.93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт