Алматы облысы
Райымбек ауданы
Ұзынбұлақ ауылы.
Ыдырыс Көшкінов атындағы
орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің биология,
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Әсем Абдуллақызы
Сабақтың тақырыбы: Гүлшоғырлар және олардың биологиялық маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гүлшоғырлар туралы түсінік бере отырып, олардың алуан түрлілігі мен маңызын таныстыру.
Дамытушылық: Қосымша материалдар пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларға эстетикалық және экономикалық тәрбие беру
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі,көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: география,әдебиет,музыка,экология.
Көрнекілігі: Гүлшоғырлар суреттері, плакат, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
а) Жекелей тапсырылған жұмыстар.
б) Сарама ндық тапсырма бойынша.
Жаңа сабақты түсіндіру.
а) жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымызда тек гүлшоғырларына тоқталамыз.Гүлшоғырлар дегеніміз не? Гүлшоғырла дегеніміз- гүлсағақтарына белгілі ретпен орналасқан гүлдер тобы. Гүлшоғырлардың үштен мыңға дейін баратын гүлшоғырлар кездеседі.Енді осы гүлдер тобының сан алуан түрімен танысу үшін және олардың биологиялық маңызын білу үшін неше алуан гүлдер өсетін Алматыдағы «Гүлдер әлемі» плантациясына саяхатқа барайық. (Ойша саяхатқа шығамыз)
Тақтадағы гүлдер шоғырына суретті- кесте бойынша әр гүлшоғырының сыртқы сипатына гүлдердің орналасу ерекшелігіне, маңызына тоқталу.
Осы плантацияда өсіп тұрған гүлшоғырлардың өзі жай және күрделі гүлшоғырлары болып бөлінеді. Бінеше жай гүлшоғырларынан күрделі гүлшоғырлары түзіледі.
Түрге біріктіріледі.
Шашақ гүлшоғыры
Шатырша гүлшоғыры
Себет гүлшоғыры
Гүлшоғырының маңызы, оның өмірде қолдануы, пайдасы жайлы айтып түсіндіріледі.
Міне, «Гүлдер әлемі» плантациясын біраз араладық, көп нәрсеге қанықтық. Ауылға да жеттік, енді өзіміздің ауылымыздағы биология бөлмесіндегі шағын гүлзарлардағы гүлдердің гүлшоғырларымен танысайық.
Биология кабинетіндегі шағын гүлзарларды аралап көрейік. Мұнда 20 шақты гүлдің түрі өсіріледі. «Кім тапқыр?» ойынын ойнату арқылы енді осында өздеріңе өте таныс гүлдер жайлы, олардың қандай гүлшоғырларына жататынын ортаға салайық.
Жаңа сабақты бекіту:
а) Міне, балалар, «Гүлдер әлемі » плантациясындағы гүлшоғырларының сырына қанығу үшін гүлдерді көріп қайттық. Осы саяхаттан көргендеріңді, түсінгендеріңді пайдаланып мына тапсырмаларды орындап көріңдер.
Жекелей жұмыс
Топтық жұмыс
Ұжымдық жұмыстары жүргізіледі.
Сабақты қорыту: Гүлдер жайлы әндер орындалады.
Үйге тапсырма: Гүлшоғырлар тақырыбын оқып келу