Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  8 класс  /  "Білімді мыңды жығады" атты сыныптан тыс іс-шара

"Білімді мыңды жығады" атты сыныптан тыс іс-шара

Внеклассное мероприятие по Информатике в школе глухих среди 8-х классов.

26.09.2017

Содержимое разработки


Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының

«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








8«А», 8«Б», 8«В» сынып оқушыларымен информатика пәнінен өткізілетін сабақтан тыс іс-шараның жоспары


Тақырыбы:«Білімді мыңды жығады»







Мұғалім: Жарқынбек Д.С.





2012-2013 оқу жылы

«Білімді мыңды жығады» сайысы


Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана білу

дағдыларын дамыту.

Информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,

ой-ұшқырлығын сынау, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, дыбыстардың дұрыс

айтылуын қадағалау.


Көрнекілігі: сайыс жоспары, қима-қағаздар, пернелердің суреттері.


Сайыс барысы:

Сайысқа 8 «А», 8 «Б» және 8 «В» сыныптарының үздік оқушылары қатысады.


Сайыс 6-кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Бәйге».

2-кезең: «Сиқырлы пернелер».

3-кезең: «Тіл-өнер».

4-кезең: «Сөзден сөз шығару».

5-кезең: «Ойлан, тап».

6-кезең: «Кім жүйрік?»


Жүргізуші:

  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білімді мыңды жығады» атты сайысымызды бастаймыз! Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Ұпай есептеу үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.


1-кезең: «Бәйге».


  • Бұл кезең бойынша 12 сұрақ келеді. Сол сұрақтарға тапқырлықпен жауап беру керек. Жауап беруші алдында жатқан қызыл қағазды көтеріп белгі береді. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.


  1. Баспа құрылғысы. (Принтер)

Печатающее устройство.

  1. Word қандай редактор? (Мәтіндік редактор)

Редактор Word ...

  1. Компьютердің негізгі құрылғылары. (Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)

Основные устройства компьютера.

  1. қандай пернелер? (Терезені басқару пернелері)

какие это клавиши?

  1. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)

Всемирная компьютерная сеть.

  1. Компьютер жанындағы өсімдік. (Кактус)

Растение возле компьютера.

  1. Ақпараттың негізгі өлшем бірлігі. (Байт)

Основная единица измерения информации.

  1. Вирустарға қарсы программа. (Антивирус)

Программа против вирусов.

  1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (Терезе)

Прямоугольная область экрана.

  1. Ақпарат көлемі немен өлшенеді? (байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

Чем измеряется информация?

  1. Бит дегеніміз не? (Екілік таңба)

Что такое бит? (Двоичный знак)

  1. Дыбыс шығару құрылғысы. (Колонка)

Устройство для прослушивания звуков.


2-кезең: «Сиқырлы пернелер».

  • Мұнда оқушылар қораптан тапсырмалар алады. Қорапта пернелердің атаулары жазылған қима-қағаздар жатыр. Пернелердің қызметі жайлы жазады.

Дұрыс жауап үшін 5 ұпай.


Home – жолдың басына ауыстыру пернесі.

End – жолдың соңына ауыстыру пернесі.

Enter – енгізу пернесі.

Caps Lock – бас әріптермен жазу пернесі.

Num Lock – сандық пернетақтаны іске қосады.

Pg Up – бір бетке жоғары жылжыту пернесі.

Pg Down – бір бетке төмен жылжыту пернесі.

Delete – меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру пернесі.

Backspace – меңзердің алдындағы символды өшіру пернесі.



Көрермендер демеушілігі. (Ұтқан ұпайын өзі таңдаған ойыншыға береді)


Таңбашаларды атаңдар:





3-кезең: «Тіл-өнер».


  • Информатиктеріміздің тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, қазақ, орыс тілінде айтса 10 ұпай беріледі.


  1. Есептер тақтасындағы «Іске қосу» батырмасын басқанда не шығады?

(Бас мәзір – Главное меню)

  1. Алғашқы есептеу құрылғысы. (Саусақ - Пальцы)

  2. Компьютердің негізгі элементтері орналасқан қорап.

(Жүйелік блок – Системный блок)

  1. Ең ұзын перне. (Бос орын - Пробел)

  2. Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы.

(Пернетақта - Клавиатура)

  1. Компьютердің жұмысын жеңілдетуге арналған құрылғы.

(Тышқан - Мышка)

  1. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Меңзер - Курсор)

  2. WINDOWS сөзінің аудармасы. (Терезелер - Окна)

  3. WINDOWS қандай жүйе? (Операциялық - Операционная)


4-кезең:«Сөзден сөз шығару».

  • Бұл кезеңде оқушыларға «...» сөзі беріледі. Сол сөзден жаңа сөздер құрастыру керек. 5 минут уақыт беріледі.


Көрермендер демеушілігі. (Ұтқан ұпайын өзі таңдаған ойыншыға береді)

  • Жұмбақтар, ребустар шешеміз.


Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. (Тышқан)


Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер)


5-кезең: «Ойлан, тап».

  • Мына сөздер ақпараттардың қандай түрлеріне жатады?

Дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.


а) Оқулықтағы мәтін, диктант. (мәтіндік ақпарат)

б) А, Ә, Б, В, ... әріптері. (әріптік ақпарат)

в) Аудиограммалар, кестелер, суреттер. (графикалық ақпарат)

г) Сандар (0,1,2,3, ...). (сандық ақпарат)

д) , әртүрлі белгілер. (белгі түріндегі ақпарат)

е) Дыбыстар, әуендер, сөздер,дауыстар. (дыбыстық ақпарат)



  • Әділқазылар алқасы 5-кезеңнің ұпайларын есептеп, мәлімет береді. Ұпайлары төмен 6- сайыскеріміз алаңды босатады, ал 3 – сайыскер алаңда қалады.


6-кезең: «Кім жүйрік?»

  • «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші қалған сайыскерлеріміз ең соңғы 6-кезеңдегі «Кім жүйрік?» сайысын жалғастырады.

  • Бұл кезеңде сайыскерлерімізге Word мәтіндік редакторының терезесінің суреті беріледі, ондағы терезе элементтерінің атауларын жазу керек.






(Тақырып қатары, терезені басқару пернелері, мәзір қатары, құралдар

қатары, жұмыс алаңы, жүгіртпе, сызғыш, қалып - күй қатары,

шекаралар).


6 «А,В» сынып оқушыларының орындауындағы «Шалалала» биі.


Жүргізуші: -Сайыстың шешу сәті әділқазылар алқасы өздеріңізде.


Жеңімпаздарды марапаттау.



-75%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Білімді мыңды жығады" атты сыныптан тыс іс-шара (224.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт