Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Планирование  /  10 класс  /  Әбікен Бектұров. Сабақ жоспары. 10 сынып.

Әбікен Бектұров. Сабақ жоспары. 10 сынып.

10 сынып?а арнал?ан саба? жоспары. ?бікен Бект?ров туралы тапсырмаларымен. Лексика грамматикалы? тапсырмаларымен.

17.03.2017

Содержимое разработки


Сабақ жоспары. Қазақ тілі. 10 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: Әбікен Бектұров.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Көрнекті құралдар:

  1. Компьютер кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалану;

  2. Интербелсенді тақтаны қолдану;

  3. «Әбікен Бектұров» презентациясын көреді.

Сабақ оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, сұрақ-жауап, мәтінменжұмыс.

Оқушылардың сөйлесу әрекеттері бойынша

  1. Тыңдалым. Жерлесіміз техника ғылымының докторы — Әбікен Бектұровтуралы мәлімет (мәтіндер арқылы)

  2. Оқылым. Ғалымның еңбектері туралы.

  3. Айтылым. Оқушылар жаңа мәліметтер бойынша өз ойларын білдіреді.

  4. Жазылым. Деңгейлік тапсырмалар орындайды

  5. Тілдесім. Диалог құру, сызбаларды сөйлету

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

І. Білімділік: қазақ халқының ғалымымен таныстыра отырып,  құрмалас сөйлемдерді  жүйелі пысықтау.

ІІ. Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау  стратегияларын  қолдана отырып оқушылардың жеке, жұптасып  жұмыс жасауына жағдай жасау.

ІІІ. Тәрбиелік: Жерлесіміз, мақтан тұтатын ұлы тұлға өмірі туралы толық мәліметтер презентация арқылы жасап-түсіндіру,  кітапханада көрме ұйымдастыру, реферат  жазу.

                    Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.

  2. Оқушыларды топқа бөлу, ой қозғау.

  3. Оқушыларды тақырыпқа қызықтырып бағыттау.

  4. .Мәтіндегі құнды мәселелерді анықтау, зерттеу жұмысын ұсыну.

  5. Жұмыстарын өзін-өзі бағалауға бағыттайды.

Оқушылардың іс-әрекеті:

  1. Сабақта мұқият жеке, топта жұмыс істейді.

  2. Мәтінді (немесе басқа шығарманың үзіндісін) түсініп тыңдайды, дауыстап оқиды(кемінде 4-5 рет оқу қажет).

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мәтінмен жұмыс жасайды, жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар  орындайды.

  4. Өз ойларын қорытады, қағаз бетіне бейнелеп, зерттеген нәтижелері туралы ауызша дәлелдейді.


 I кезең — Қызығушылығын ояту кезеңі. Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан 1-2 оқушы қазақтың ғалымдары туралы мәлімдейді.

Оқушылар осы тақырыпты   үлкен  қызығушылықпен  қабылдап, ойланып,  қазақ  ғалымдарының  рөлін түсініп,  олардың еңбектерін бағалауды түсінеді


  1. Үй жұмысы бойынша ой қорытып, сызба түрінде көрсетеді.


II кезең — Жаңа сабақ.

«Ғылымның  ғылыми  жұмысы туған елінің дамуына әсер етуге қажетті…»

Ә.Бектұров

(жасырынды , бұл кімнің сөздері?)

  • Бұл кімнің нақыл сөздері? Осылайша оқушылар жаңа тақырыпқа шығады.

  1. Тыңдалым. Мұғалімнің дауысымен жазылған «Бектұров Әбікен Бектұрұлы атты мәтінді тыңдайды.

(мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді).


Мәтінмен жұмыс. 1-тапсырманы орындау, 55б.

  1. Сөздік жұмысын өткізу.

  2. Берілген кестені әр оқушы өз бетінше толықтырады, түсінгенін жазады, тақырыпты

бекітеді. INSERT-түртіп алу әдісін  қолданады.

Ой толғау
Қалпына келтіру стратегиясы: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып берілген мәтінді «қалпына келтіру» .

Бағалау: қате жоқ- «5», 1-2 қате- «4», 3-4 қате –«3», 5 қате-«2»

Шағын мәтін. Мәтінді түсініп тыңдау, сұрақтар құрастыру, аудару, ат қою.

1901жылдың 25 желтоқсанында Павлодар облысы Баянауыл ауданында Бектұров Әбікен Бектұрұлы дүниеге келді. Әбікен Бектұров техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Омбы ауыл шаруашылық институтын 1931-ші жылы, Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын 1935-ші бітірген. 1935—1960 жылдары ҚазНУ-де оқытушы, декан болған. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия – хатшысы болды. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.            


Тілдесім.  Осы сурет бойынша ғалымға сипаттама беріңіздер. Cауал тізбегі бойынша.

  1. Портретке мұқият қарап ғалымның сырт тұлғасына назар аудар;

  2. Ғалымның көзқарасына көңіл бөл;

  3. Пішін, келбетінен нені байқауға болады?

  4. Киім киісі нені білдіреді?

Бұл жерде оқушының жауабы:

  1. Мінезі – ашық(күлімсіреген жүзі), танымал, жерлесіміз.

  2. Жоғары білімді, көзі ашық, тәрбиелі(көзқарасынан білеміз)

  3. Шашы-жасын білдіреді, маңдайы-кең, қыр мұрынды, көзінен мейірімділік байқалады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша  деңгейлік тапсырмалар  орындайды.

     III-деңгей

  1. Мәтіннен тәуелденген негізгі және туынды зат есімдерін теріп жазыңдар.

  2. Жалқы есімді сөздерін теріп жазыңдар.

II-деңгей

  1. Сан есімдерді жазып алып, мағыналық түрлерін анықтаңыздар.

  2. Тест тапсырмалардың сұрақтарын құрастырыңдар.

  3. Әбікен Бектұров туралы презентация тамашалайды.

  4. Грамматикалық тапсырмалар: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.

I-деңгей

  1. Зерттеген мәселелері туралы реферат  жазу.

  2. Тест тапсырмасын орындау. MуTest Editor бағдарламасы

  3. Ә.Бектұров қай жерде туған, анықтаңыз.

А) Қызылордада

В) Астанада

С) Павлодарда

  1. Қазақ ғалымдарының ішіндегі бірінші қазақ химия ғылымы институтының директоры кім болған, көрсетіңіз.

А) Ә.Марғулан

В) Қ.Сәтпаев

С) Ә.Бектұров

  1. Ж.Қаңлыбаева нешінші жылдан бастап Ұлттық Ғылым академиясында қызмет етеді, анықтаңыз.

А) 1950ж.

В) 1952ж.

С) 1954ж.

4.Ғалымқандай университеттің аспирантурасын бітірген, анықтаңыз.

А) Алматыда

В) Орта Азия

С) Мәскеуде

5.Ә.Бектұровқа қай жылы ғылымға еңбек сіңірген  қайраткері  атағы берілді, анықтаңыз.

А) 1945ж

В) 1946ж

С) 1846ж

VІ. Үйге тапсырма: 64б. «Қазақтың алғашқы техника  ғылым докторы» атты тақырыбына шығарма жазу.

 






















-75%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әбікен Бектұров. Сабақ жоспары. 10 сынып. (390.25 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт