Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Тесты  /  Прочее  /  Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі пәнінен арналған олимпиадалық тапсырмалар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі пәнінен арналған олимпиадалық тапсырмалар

Бастауыш сынып м??алімдеріне арнал?ан олимпиада – 2016

Блоктар:

  1. ?аза? тілі – 25 балл
  2. Математика – 25 балл
  3. Д?ниетану – 25 балл
  4. Педагогика ж?не психология – 25 балл

Барлы?ы е? жо?ары балл – 100 балл

Тапсырмалар к?рделілік де?гейіне ?арай 1 балдан 4 бал?а дейін ??рыл?ан.

.

  1. ?аза? тілі (25 балл)
  1. Бірде есімдік, бірде шылау, бірде жал?ау. Б?л ?ай с?з? 1б.
  2. «?» ?рпінен басталып ая?талатын, о?ынан да, солынан да о?ы?анда бірдей о?ылатын 5 с?з табы?ыз. 2б.
  3. Логогриф.

Таби?атты? атауына ?осса?,

Егер ба?аны,

Ысты? жерде

Ж?ндік болып жатады.

0,5б.

Жо?арыда т?ра?ы,

Б?рін ойлап т?рады.

?оссам егер бір буын

Кітап,журнал шы?ады.

0,5б.

Метаграмма.

?сем жермін, ?лы д?бір думанмын,

?-ны ?осса? пешке керек ??ралмын.

0,5б.

Б?йырса?ыз, етістік боп кетеді,

С-ны ?осса?, ай?асатын ала?да ол ?теді.

0,5б.

  1. Берілген с?здер нені? атын білдіретінін тауып, жа?шаны? ішіне жазы?ыз.

А???тан (…….), а?серке (…….), ерулік (…….), ат?стар (…….), баста??ы (…….), а?с?йек (…….), ?рын бару (…….), за?пы (…….), ??былнама (…….).

2б.

«Г» ?рпіне байланысты ережені жазы?ыз. Б?л

17.03.2017

Содержимое разработки

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада – 2016


Блоктар:

  1. Қазақ тілі – 25 балл

  2. Математика – 25 балл

  3. Дүниетану – 25 балл

  4. Педагогика және психология – 25 балл

Барлығы ең жоғары балл – 100 балл


Тапсырмалар күрделілік деңгейіне қарай 1 балдан 4 балға дейін құрылған.

.

  1. Қазақ тілі (25 балл)


  1. Бірде есімдік, бірде шылау, бірде жалғау. Бұл қай сөз? 1б.

  2. «Қ» әрпінен басталып аяқталатын, оңынан да, солынан да оқығанда бірдей оқылатын 5 сөз табыңыз. 2б.

  3. Логогриф.

Табиғаттың атауына қоссаң,

Егер бақаны,

Ыстық жерде

Жәндік болып жатады.

0,5б.

Жоғарыда тұрағы,

Бәрін ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Кітап,журнал шығады.

0,5б.

Метаграмма.

Әсем жермін, ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын.

0,5б.

Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді.

0,5б.

  1. Берілген сөздер ненің атын білдіретінін тауып, жақшаның ішіне жазыңыз.

Аққұтан (……..), ақсерке (……..), ерулік (……..), атұстар (……..), бастаңғы (……..), ақсүйек (……..), ұрын бару (……..), зақпы (……..), құбылнама (……..).

2б.

  1. «Г» әрпіне байланысты ережені жазыңыз. Бұл ереже қай сыныпта? Тақырып қалай аталады? 2б.

  2. Абстрактілі ұғымды білдіретін 10 сын есім жазыңыз. Бұл сын есімдер қандай сын есімдер (қалай аталады?) 2б.

  3. Өлең жолдарын жалғастырыңыз.

«Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы ...» 3б.


  1. «Ойлан, тап» ойыны. Мақпал төрт сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы – қазақ халқынан шыққан ақынның тегі, келесі сөзі – кәрі сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз (көпше түрде, табыс септігінде), үшінші сөзі – білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз (барыс септігінде). Ал баяндауышы – үндеді сөзіне мәндес. Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем? 3б.

  2. Он дара етістік жазыңыз. Біріншісі – бір, екіншісі – екі, үшіншісі – үш, т.с.с. оныншысы он әріптен, барлығы да «е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын. 4б.

  3. Шыққан мақалды пайдаланып ой толғау жазыңыз. 4б.


Ұ

З

Ы

Ә

Д

Ы

С

Ы

Ұ

К

Е

Й

Т

Ң

Л

Е

Й

Л

А

Д

Ы

Ң

С

А




  1. Математика (25 балл)


  1. Қатарлас бүтін бес санның қосындысы 875-ке тең. Осы сандарды табыңыздар.

1б.

  1. Үкіметте 20 министр бар. Қалай болғанда да, олардың біреуі адал. Кез келген екі министрдің жоқ дегенде біреуі сатылғыш. Адал министр нешеу? 1б.

  2. Мен ыдыстағы кофенің 1/6 бөлігін сүтсіз іштім де, оған сүт құйып еселедім.Содан соң бокалдың 1/3 бөлігін ішіп, оны да сүтпен еселедім. Одан кейін бокалдың жартысын ішіп, тағы сүтпен еселедім. Ақырында, бокалды толық ішіп бітірдім. Мен нені көп іштім: кофе ме, сүт пе? 2б.

  3. Дін қызметшісі жұмыскеріне 30 күнге 540р. және1 қап жарма беруге уәде берді. Үш күннен соң жұмыскер жұмыстан шығып кетіп, 1 қап жарма алды. 1 қап жарма қанша тұрады? 2б.

  4. Тақтаның әр торкөзінде 4х4 өрік жатыр. Әр көлденең және әр тік қатарда өріктердің жұп саны қалатындай 6 өрікті алып таста. 2 б.


ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө

ө







  1. Қорапта 28 қызыл, 20 жасыл, 12 сары, 20 көк, 10 ақ және 10 қара шарлар жатыр. Қорапқа қарамай, міндетті түрде бір түсті 15 шардан кем емес шарлар болғандай неше шар алып шығу керек? 3б.

  2. Қалқанқұлақ, Гена, Шапокляк және егеуқұйрық бірге 70 жаңғақ жеді, әрқайсысына бірнешеуден жетті. Қалқанқұлақ басқалардың әрқайсысынан көп жеді, ал Шапокляк пен Гена екеуі бірге 45 жаңғақ жеді. Егеуқұйрыққа неше жаңғақ жетті? 3б.

  3. Кітап беттерін нөмірлеу үшін 489 цифр қажет етілді. Кітаптың неше беті бар? (бұл типография дәстүрлеріне қайшы келе тұрса да, нөмірлеуді бірінші беттен бастаңыздар). 3б.

  4. Үш адам (А, В және С) төрт түсті бірнеше шарларды санады. Ол адамдардың әрқайсысы екі түсті дұрыс ажырата алады, ал басқа екеуі ажырата алмайды. Олардың бірі қызыл мен тоқсарыны, ал екіншісі тоқсары мен сарыны, ал тағы біреуі сары мен жасылды ажырата алмайды. Кестеге қарап отырып, қандай шарлардың нешеу болғанын біліңіздер. 4б.



қызыл

тоқсары

сары

жасыл

А

2

5

7

9

В

2

4

9

8

С

4

2

8

9


  1. Әр бөлікте бір дөңгелектен болатындай етіп, фигураны торкөз сызықтарының бойымен тең төрт бөлікке бөліңдер (дөңгелектер суреттегідей тұруы тиіс). 4б.

























  1. Дүниетану (25 балл)

  1. Сіздер барлықтарыңыз ұнтақ жарма (манка), тары (пшёнка), арпа жармасының (перловка) ботқасын жеген боларсыздар. Ал қай жарма қандай дақылдан тұрады? 1б.

  2. Орманда өсетін қарағайдың төменгі бұтақтарықурап, түсіп қалады, ал шыршанікі қартайғанша сақталады. Мұны қалай түсіндіруге болады? 1б.

  3. Көптеген саяжайшылар картоп жинаудан 1 апта бұрын оның сабағын шауып алады. Неліктен? 2б.

  4. Қоймалардағы астықты қыс кезінде бірнеше рет бір жерден екінші орынға ауыстырып, қозғап отырады. Неге? 2б.

  5. Біздің облысымыздың аумағында ауаны шаңнан ғана емес, сондай-ақ, көмірқышқыл газынан және радиациядан барлығынан да артық тазартатын ағаш бар. Қандай ағаш туралы сөз болып тұр? 2б.

  6. Біздің аймақта жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының маңызды бір түрі. Тәжірибелі жылқышылар егер жылқы пысқырса, оның шошығанын біледі. Мұны қалай түсіндіруге болады? 3б.

  7. Тәжірибелі балықшылар шаянның белгілі бір жыл мезгілінде Ертіс жағасына және оның тармақтарына шығатынын біледі. Бұл қашан және неліктен болады? 3б.

  8. Қазақстанның жануарлар әлемінің кең тараған бір түрі – қоян. Табиғат оған үлкен құлақ берген. Не үшін? 3б.

  9. ҰОС ардагерлері Курск доғасында оқтың бағытын жұлдыздар бойынша, Ай бойынша, рельс бағыты бойынша анықтаған жағдайлар болғанын еске алады. Бірақ компас (құбылнама) көрсеткішін пайдалануға болмады. Неге?

4б.

  1. Дауыл шыршаларды қозғалтады, ал қарағайларды сындырады? Неліктен?  4б.

-75%
Курсы повышения квалификации

Эффективные формы и методы организации образовательно-воспитательного процесса в детском доме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі пәнінен арналған олимпиадалық тапсырмалар (32.52 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт