Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Разное  /  Прочее  /  Баяндама: Латын әліпбиі «Рухани жаңғыру» талабы

Баяндама: Латын әліпбиі «Рухани жаңғыру» талабы

Латын әліпбиі туралы баяндамам бүгінгі күннің өзекті тақырыбы десек болады. Ел болып бірге қабылдағаннан кейін жүзеге асырудың жолын қарастырайық.

23.01.2019

Содержимое разработки

























Латын әліпбиі

«Рухани жаңғыру»

талабы

















Бастауыш сынып мұғалімі : Апайтосова Б.М
















Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы


Латын әліпбиі – көне және халықаралық алфавит. Латындар көне римдік тайпалар.Олардың алфавиттері біздің дәуірімізден бұрын VІІ –VІІІ ғасыр-ларда пайда болған.

Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі– Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тіл-дердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.

  • Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)

  • Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (), т (ت), ж (ج), ш (), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (), ң (), л (ل), м (م), н (ن)

  • Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й () [8]

Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.

А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.

Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. XX ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. .

.

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

  1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болғаны белгілі, сондықтан да көптеген ғалымдардың пікірін ескерсек, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Өйткені, латын қарпі ғылым мен техникада кең қолданысқа ие, жастарымыз күнделікті қолданып та жүр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сонымен қатар Елбасы білім беру жүйесінде жаңа алфавитті енгізуде әдістемелік база мен мұғалімдер дайындаудың қажеттігін атап көрсетіп, үкіметке кезеңдеп енгізу жоспарын әзірлеуді тапсырды. 2022 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді аяқтап, 2022 жылы жылы мектептерде оқытуды бастау жоспарлануда.


Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:



1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан  № 637

ҚР Президенті   Н.Ә. Назарбаевтың  2018 жылғы 19  ақпандағы  № 637 Жарлығы бойынша  «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді.

«Әліпбидің  бұл нұсқасында да  бұрынғысынша  32  әріп  алынған.  Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз)  және  кірме сөздердегі  6 фонема (и,  в, ф, һ, х, ч),  және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар  Hh-[х], [h] және  I-[и], [й], сонда барлығы  34 дыбыс таңбаланған.   

Әліпбидегі  6 дыбыс апостроф  арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) және екі дыбыс қос әріппен  (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч], Sh[ Ш]).  Бұл жолы алдыңғы бекітілген әліпбиден екі дыбыстың әріптері  өзгертіліп, диграфпен таңбаланған(Ch/ch- [Ч] және Sh/sh-[ Ш]).

Кезінде профессор Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде  «Ш» дыбысын таңбалау үшін латынның  «С» әрпін қолданған еді. Әліпбидің  бұрынғы  нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы   апострофсыз  таңбаланған екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і» және  «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. 

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиін қолдану түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау өте маңызды, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – осы ортақ әліпбиде жүру.

Латын қарпіне көшу – біздің жан-жақты ойластырған, мақсатты түрде ұлт мүддесі үшін қабылданған шешім. Сондықтан да көпшілік тарапынан қызу қолдау табуы баршамызды қуантады, бұл жұмыста нақты ісімізбен үлес қосуымыз керек.

 









































-75%
Курсы повышения квалификации

Информационные технологии в работе учителя начальных классов: создание дидактических материалов к уроку с помощью программного обеспечения SMART Notebook

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Баяндама: Латын әліпбиі «Рухани жаңғыру» талабы (172.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт