Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  11 класс  /  Қосалқы станса және қосалқы стансаның электр жабдықтары

Қосалқы станса және қосалқы стансаның электр жабдықтары

Разработка на казахском языке. Cтуденттерге қосалқы стансасында жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу
10.01.2013

Описание разработки

Разработка на казахском языке.

1.Ұйымдастыру кезеңі:    Сәлемдесу , студенттерді түгелдеу – 2 минут      Сабақтың  кіріспесі - 3 минут                                                                     

2. Сабақтың кіріспесі: алдын ла берілген тапсырманы зерделеу– 32 минут

3.  Сабақты  қорытындылау – 3 минут

4. Студенттердің  білімін бағалау – 1 минут

6. Үйге тапсырма – 1 минут

1. Қосалқы станса туралы мәлімет , қосалқы стансаларының  қызметі,сұлбасы?  -Жангазина И.

2. Электр энергиясының өндірілуі мен тұтынушыларға таратылуы туралы мәлімет? -    Нұрман Ш

3. Энергетикалық жүйені түсіндіру, ГОЭЛРО жоспарының жүзеге асып, Ильич шамының жанған күні туралы мәлімет? -     Бектастегі А

4. Күш трансформаторы дегеніміз не, қызметі, жұмыс істеу принципін, сұлбасын түсіндір? – Шакенов Е

5. Айырғыштар дегеніміз не, қызметі, жұмыс істеу принципі, сұлбасын түсіндір? -     Сериков Б

6. Майлы ажыратқыш дегеніміз не, қызметі, жұмыс істеу принципін, сұлбасын түсіндір? – Жангазина И

7. Кернеу және ток трансформаторы дегеніміз не, қызметі, жұмыс істеу принципін, сұлбасын түсіндір?  - Қорықова М

8. Сақтандырғыштар дегеніміз не, қызметі, жұмыс істеу принципін,сұлбасын түсіндір?  -    Сарсенов Ж

9. Кабель желісінің қолданылуы,түрлері  -Исетов А

ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу

(Microsoft Power Point бағдарламасынан) презентация  көрсетіледі.

Плакаттармен, схемалармен жұмыс

Электр энергиясын ірі электр станцияларынан өндіру экономикалық тиімді, мұнда энергия сапасы сенімділігі жоғары және бағасы төмен болады. Мықты электр станциясының өзі кернеуі 10,5 кВ жоғары емес электр энергиясын өндіреді. Осындай кернеудегі электр энергиясын алыс қашықтыққа тасымалдау тиімсіз, сондықтан станциясының генераторлық кернеуін трансформаторлық подстанцияның көмегімен жоғарылайды. Кернеуі 35 кВ - 110 кВ - 220 кВ және одан жоғары кернеулі магистральді желі бойынша тұтыну ауданына береді. Тұтыну ауданында кернеу тоғы да 35 кВ, 10 кВ, 6 кВ дейін төмендетіледі, мұнда энергия тұтыну пунктерінің арасына таратылады. Тұтыну пунктерінде энергияны пайдалану үшін 660 В, 380 В немесе 220 В кернеуге дейін түрлендіреді. Сондықтан электр энергиясын пайдалану тек трансформаторлық подстанцияда кернеуді бірнеше рет түрлендіру нәтижесінде мүмкін болады. Электр торап дегеніміз электр энергияны жеткізу және тарату үшін керек электр қондырғылар жиынтығы, ол станшалар (подстанции), тарату құрылғылары, ток өткізгіштер, белгілі аумақта істейтін ауалық (АЖ) және кабельдік электр жеткізу жеиілерінен тұрады. Электр тораптардың негізгі міндеті тұтынушыларды электр мен қамтамасыз ету. Электр тораптары электр қабылдағыштарды және тұтынушыларды электр көзіне қосады. Бұл электр қабылдағыштар саны көп және олар орналасқан аумақ үлкен болғандықтан едәуір күрделі мәселе.

Электр тораптарының екінші міндеті электр энергияны өндірген жерден тұтынатын жерге жеткізу. Көп жағдайда энергия көздері (көмір, мұнай, газ, су қорлары) тұтыну орталықтарынан – зауыттардан ел мекендерінен және т.б. алыста орналасқан. Көбінесе отынды, мысалы көмірді, тасу тиімді болмауы мүмкін. Электр стансаны отын алабына жақын салып электр энергияны электр тораптары арқылы жеткізу тиімдірек болады. қашықтық және берілетін электр энергия мөлшері үлкен болғанда өте жоғары кернеулі қуатты жеткізу желісін салуға тура келеді.

Электр тораптар электр жүйелерін жасау үшін де қызмет атқарады.

Энергетикалық жүйе дегеніміз қатарлас істеу үшін өндіру бөліктері энергетикалық байланыстармен біріктірілген энергетикалық қондырғылар жиынтығы, онда бір тұтас диспетгерлік басқару және біртұтас қуат қоры болады, ол қор жүйенің кез-келген бөлігінде пайдалануы мүмкін. Сонымен, энергетикалық жүйені үш негізгі нышан (признак) анықтайды: энергия өндіру орталықтарының қатарлас істеуі, бір тұтас басқару және біртұтас жалпыжүйелік қор.

Электр тораптарының конфигурациясы географиялық жағдайларға, жүктеменің таралуына және энергия көздерінің орналасуына байланысты дамиды. Бұл жағдайлардың әр түрлі қасиеттері және техника-экономикалық әр түрлі сүлбелердің болу мүмкіндігіне алып келеді. олардың ішінен техника-экономикалық салыстыру арқылы ең тиімді нұсқасы (Варианты) алынады. Электр тораптары әр түрлі көрсеткіштер бойынша жіктеледі, олардың негігілері: құрылмалық істелінуі, ток түрі, тұтынушылар сипаты, көрсетілген (номинал) кернеу, жалғау сүлбесі.

Құрылмалық (конструктивтік) істелінуі бойынша ауалық және кабельдік желілер және ішкі таратылымдар (внутренняя проводка) болып бөлінеді.

 

Трансформатор – дегеніміз бір кернеудегі айнымалы токтың жиілігі сондай екінші кернеудегі айнымалы токқа айналдыратын электромагниттік аппарат. Трансформатордың құрылысы мен атқаратын қызметі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Обмоткалардың біреуін айнымалы ток көзіне қосқанда бұл обмоткада өздік индукцияның электр қозғағыш күші, ал екінші обмоткада индукцияның электр қозғағыш күші пайда болады.

Ең бірінші трансформаторды орыс ғалымы П. Н. Яблочков ойлап тапты. Егерде, екінші обмотканың кернеуі, бірінші обмоткадағы кернеуден артық болса,  бұндай трансформаторды - жоғарлатқыш трансформатор деп атайды. Ал егерде, екінші обмотканың кернеуі, бірінші обмоткадағы кернеуден кем болса , онда мұндай трансформаторды – төмендеткіш трансформатор деп атайды.

 Трансформатордың негізгі параметрлері мыналар:

  1. Номиналдық қуаты кВа; мВа;
  2. Обмоткалардың номиналдық кернеуі кВ;
  3. Номиналдық ток А; кА;
  4. Қысқа тұйықталу кернеуі %;
  5. Обмоткалардың қосу тобы және схемасы.

Практикада трансформаторлардың бірнеше түрі бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығын білу үшін шартты белгілер қолданады.

Мысалы: ТРДН – 80000/110-86-УI. Бұл былай оқылады: үш фазалы трансформатор (Т), төменгі кернеулі обмоткасы екіге бөлінген (Р), салқындату үшін (Д) системасын қолданады, обмоткадағы кернеуді жұмыс істеп тұрғанда реттеуге болады (Н), номиналдық қуаты 80000 ВА, номиналдық кернеуі 110 кВ, заводтан 1986 жылы шығарылған, қоңыржай ауа - райына жұмыс істеуге дайындалған (У), ашық ауада орналастырылады, (I категория).

Сонымен трансформатордың завод паспортында көрсетілген белгілері мынаны баяндайды:

  1. Бірінші әріп – бір фазалы (О) немесе үш фазалы (Т).
  2. Екінші әріп – төменгі кернеулі обмоткасы екіге бөлінген (Р).
  3. Үшінші әріп – салқындату әдісі (С, М, Д, ДЦ).

5. Бесінші әріп – трансформатор жұмыс істеп тұрғанда оның кернеуін реттеуге болады (Н).

Әріптерден кейін цифрлар басталады:

  1. Трансформатордың қуаты.
  2. Жоғары обмотканың кернеуі.
  3. Шығарылған жылы.
  4. Қандай ауа – райына жұмыс істеуге болатындығы.
  5. Қондырылатын орны.

Трансформаторды салқындату жүйесі өте маңызды да қиын мәселенің бірі. Трансформаторда майды ортаны және оқшауламаны суытуға пайдаланылады. Жағымды температурада май жабысқақтығы азаяды, жағымсыз температурада жабысқақтығы өседі. Майдың жоғары жабысқақтығы суыту механизмдерінің жұмыс істеуіне қиындық туғызады. Сондықтан майдың сапасын тексеріп тұрады. Трансформатордың жұмыс істеу мерзімі 25 жыл деп есептелінеді. Ол үшін мынандай талаптар орындалу керек:

-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қосалқы станса және қосалқы стансаның электр жабдықтары (20.01 КB)

Комментарии 1

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Асылхан, 03.02.2016 16:34
хороший урок